Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаймен кездесу өтті. Басқосуға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Назипа Шанай әр өңірдегі «Анаға тағзым» орталықтарын аралап келе жатқанын, қоғамда әйел адамдарға психологиялық, цифрлық, құқықтық көмек керектігін баса айтты. Сонымен бірге, қиындыққа тап болған азаматшаларға қолдау көрсететін «Анаға тағзым», «Бақытты отбасы», «Дағдарыс орталығы» сынды орталықтардың жұмысының маңызын түсіндірді. 
Қазір нәзікжандыларға барынша жағдай жасалып жатыр. Жұмысы жоқ болса жұмыс ұсынып, оқытып, кәсіпке баулуда. Енді біздер әрқайсысымыз өз отбасымызды рухани азғындардан сақтап, қорғауымыз керек. Қоғамда болып жатқан соңғы жаңалықтар жаныңды түршіктіреді. Масыл ер азаматтарға, зорлық-зомбылық көрсететіндерге арналып жаңа заң қабылдануда. Былтырғы жылдың шілде айынан бастап тұрмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейді. Енді тіпті қатайтылмақ. Полиция арызды күтіп отырмай-ақ құқықбұзушылық анықталған кезде іс қозғайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық көптеген жанұяда бар. Таяқ жеп жүрген әйелдер, жазаланатын бала болмауы керек. Заң қатайтылған соң құқық бұзушыны жазалап қана қоймай, қылмысты қайталамайтындай жүйе құрылмақ. Сол үшін қоғамдағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, – деді Назипа Ыдырысқызы.
Назипа Шанайдың іссапары бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында жалғасты. 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар