Есірткі полиэтилен қапшығында болған
Жамбыл облысында есірткіні сатумен айналысқан адам ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Шу ауданының Төле би ауылында ПД ЕҚҚІБ мен ҰҚКД қызметкерлері 25 жастағы азаматтан ірі көлемдегі гашиш тәркіледі. Күдіктінің үйінен 5 млн теңгеге бағаланған гашиштің қапшығы табылды. Ер адам есірткіні Алматы қаласында сату үшін сақтаған.
Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаевтың айтуынша, есірткінің жалпы салмағы – 14 келі 20 грамм. Бұл – шамамен 5 600 доза. Олардың қара нарықтағы жалпы құны 5 млн теңгеден асады.
Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Жамбылда сотты болған қос азаматшаның жазасын өтеу мерзімі кейінгі қалдырылды
- авторAR-AY
- 27 ақпан, 2026




