Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол апатының жиілеуіне не себеп?

Жол апатының жиілеуіне не себеп?
Егемен Қазақстан
Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен облыстық құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Байболат баяндама жасап, 2024 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Мұнан соң ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаровтың баяндамасы тыңдалды.  
– Маған тек баяндаманы оқып бере салмай, өздеріңіз басында жүріп, керек болса, тәртіптік сын-ескертпелерді айтып, қоғамның жегіқұртына айналған жемқорлықты жоюға күш салыңыздар, – деген облыс әкімі тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша өңірдің жемқорлық көрсеткіші көңіл көншітерліктей еместігіне көңіл бөліп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Ал облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мажикенов жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Баяндамашының айтуынша, полиция департаменті 2024 жылдың 3 айында бірқатар іс-шара атқарған. Десе де жол апаты азаймай тұрған көрінеді. Мәселен, соңғы үш айдағы көрсеткіш бойынша жол-көлік оқиғаларының саны 220-дан 329-ға артса, қаза болғандар саны 31-ден 37-ге ұлғайған. Сондай-ақ дене жарақатын алғандар саны 337-ден 523-ке өскен. Талдау көрсеткендей, былтыр республикалық маңызы бар тасжолдарда, ал биыл елді мекендердегі жергілікті маңызы бар жолдарда, көше-жол желісінде жол апаты жиілеген. 
Республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғаларының тіркелу фактісі 54-тен 72-ге жетіп отыр. Оның ішінде қаза болғандар 15-тен 21-ге, дене жарақатын алғандар саны 109-дан 156-ға өскен. Тіркелген оқиғалар Жамбыл, Жуалы, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарында орын алған.
Жергілікті маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғалар саны 18-ден 37-ге дейін артты. Дене жарақатын алғандар 30-дан 64-ке ұлғайған. Жол-көлік оқиғалары Байзақ, Жамбыл, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов және Талас аудандарында тіркелген.
Қалалар мен елді мекендердегі көше-жол желісінде де жол-көлік оқиғалар саны едәуір ұлғайып отыр. Бұл санаттағы апаттар 148-ден 220-ға дейін артса, қаза болғандар саны 6-дан 8-ге және дене жарақатын алғандар 200-ден 303-ке дейін өсті, –
деді Құрмет Кенжеханұлы. 
Баяндамашы өз сөзінде жол-көлік оқиғаларының өсуінің негізгі себебінің бірі – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, жол инфрақұрылымы мен автокөліктердің ескіруі, еңбек және демалыс режимін сақтамауы екендігін тілге тиек етті. Талдау бойынша, жалпы орын алған жол апатының 70 пайызы 20 жылдан асқан ескі автокөліктердің қатысуымен орын алған екен. 
Ербол Шырақпайұлы осы іске жауапты мамандардың жұмысын сын тезіне алып, мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Ақтоты Жаңабай

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар