31 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмас Түлеубаев саладағы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Спикердің айтуынша, елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қажеттілігіне қарай түзету енгізу жұмыстарын жүргізу үшін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетімен келісу арқылы 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітіліпті. Өткен жылы 31 елді мекеннің Бас жоспарына түзетулер енгізілген. Мәселен, Тараз қаласының 2010 жылы бекітілген Бас жоспарына түзету енгізіліп, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы №44 қаулысымен бекітілген.
Сондай-ақ А.Түлеубаев облыс бойынша «қызыл сызық» нормасын бұза отырып құрылысы жүргізілген нысандар да бар екенін мәлімдеді. Облыс бойынша 93 нысан анықталды. Бүгінге дейін 44 нысанға шара қолданылған. 38-іне сауда дүңгіршектерінің құжаттары рәсімделген. Қалған 11 нысанды мамыр айында толық аяқтау көзделуде екен.
Нұрсезім ЖАРҚЫНБЕК, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті
Келесі мақала