Көкдөнен ауылдық кітапханасында өткен «Қарымды қаламгер» тақырыбындағы әдеби кешке Көкдөнен ауылдық округінің және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Кеш барысында ұзақ жылғы жемісті еңбегі, өңірдің руханият, журналистика саласының дамуына арнаған тұлғаның шығармашылығы насихатталып, «Талай талантты шыңдаған шаңырақ» тақырыбында баяндама оқылды.
Сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырманы Аида Түлкібай, Серік Арпабеков, Жаннұр Кексуаров өнегелі өмір иесінің тұлғалық болмысын ашып беруге тырысты. Ал Құмарық ауылдық кітапханасында «Қарымды қаламгер – Баттал Жаңабайұлы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Құмарық ауылдық округі әкімінің бас маманы Карима Көмекова баяндама жасап, Баттал Жаңабайұлының қажырлы еңбегі қазіргі жастарға үлгі болатынын айтып, ел үшін еңбек еткен адамның есімі мәңгілік тақталарға жазылатынын атап өтті.
– Баттал Жаңабайұлы облыстық «Aq jol» газетін жиырма жылдан астам уақыт басқарғанда және басқа да лауазымды қызметтерді атқарғанда азаматтық болмыс, парасат биігінен аласармаған тұлға. Түсіне білгенге Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезде облыстық газетті басқару оңай емес еді. Сол қиындыққа қарамай Баттал Жаңабайұлы облыстың бас басылымын абыроймен басқарды. Мылтықсыз майданның ішінде жүріп, бейнет кешіп, абырой биігіне жетті.
Тура жол, темірдей тәртіп, терең білім Баттал Жаңабайұлының абыройын асқақтатты, – деді К.Көмекова.
Сонымен қатар Жаңатұрмыс және Қарақыстақ ауылдық кітапханаларында «Тұғырлы тұлға тағылымы» іс-шарасы өтіп, Баттал Жаңабайұлының өмірі жайлы мол мағлұмат беріліп, кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапхана оқырмандары өз ойларымен бөлісіп, шығармашылығымен танысты.
Сая Есберген,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік университетінің
4-курс студенті
Сарбаздар халықаралық жарыстан
Ұқсас жаңалықтар
Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024