Жаңалықтар
QazAvtoJol ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды
- author AR-AY
- 4 сәуір, 2024
- 312
QazAvtoJol ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды
Елордада QazAvtoJol АҚ экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен «QazAvtoJol ҰК» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. Ол бір көзден алу жолымен бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, - деп жазылған хабарламада.Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды.
Фото: qaj.kz
Келесі мақала