Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті»

«Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті»
ашық дереккөз
«Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті»
Жуырда  Жуалы ауданында жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Шараға құқық қорғау органдары, зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары, ауыл әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, білім беру мекемелерінің директорлары, мектептің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар комитетінің төрағалары және Жуалы аудандық орталық ауруханасының сенім жастар денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкерлері қатысты. Аудан әкімі Жалғас Мұртаза жиында модераторлық қызмет атқарып, алғы сөзді Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Мейірхан Алимбековке берді. Мейірхан Жартыбайұлы тұрғын үй секторында өрттер мен жарақаттануды, улы газбен улану оқиғаларын алдын алу, шомылу маусымының басталуының алдында су айдындарында суға кету деректерінің алдын алу бойынша балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы баяндады. Келесі кезекте сөз алған психология ғылымдарының кандидаты Гульжан Вероцкая бала ата-ананың сөйлеген сөзіне, жүріс-тұрысына қарап тәрбиеленетінін, яғни бала отбасы тәрбиесінің айнасы екенін, сондықтан бала тәрбиесіне ерекше мән беру қажеттігі жайлы сөз қозғады. Жиын барысында Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қонақбаев исламдағы бала тәрбиесі туралы сөз қозғаса, Жамбыл облысы әкімідігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің басшысының м.а Бақыт Шертаева білім беретін мекемелердегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндай келе, ата-аналарды балаларын кешкі уақытта көшеде жүрмеуін қадағалауын ескертті. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп Батыр Баукең айтқандай, оқушыларды тәртіпке бас июге шақырды. Ал кездесу соңында аудан прокуроры Ілияс Тойшыбеков өз ұсыныстарын айта өтті. Айта кету керек, мұндай кездесулер 13 ауылдық округтер мен аудан орталықтарындағы мектептерде де жалғасын табады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар