Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
ашық дереккөз
КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметкерлері үшін «Комплаенс қызметін тиімді ұйымдастырудың тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.  Семинар барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров денсаулық сақтау саласы үнемі халық назарында екенін атап өтті. Дәурен Даниярбекұлы денсаулық сақтау саласында арыз-шағым көп түсетінін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша комплаенс қызметі маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Сондай-ақ комплаенс қызметіне жауапты мамандарға бекітілген функцияларға тоқталды. Өз кезегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ комплаенс қызметіне жауапты мамандардың негізгі міндеттері туралы түсіндіріп, ішкі талдауды сапалы жүргізу бойынша алгоритммен таныстырды. Облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығы басшысының орынбасары Нұрлан Сабденов денсаулық сақтау мекемелеріне цифрландыруды енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдарын баяндады. Жобаларды орындау бойынша нұсқаулық, бағалау әдістемесі мен кестесі туралы жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізді. Семинарды қорытындылаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айбек Әжібаев 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасынан туындайтын негізгі міндеттерді айтып өтті. Сонымен қатар спикерлер пулының өкілдері Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жастармен кездесті. Кездесу барысында спикерлер пулының өкілдері жастарды сапалы білім алуға, қоғамға пайдалы істермен шұғылдануға, зиянды әрекеттер мен әдеттерден аулақ болуға, мықты маман, жауапты тұлға болуға шақырды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар