Кейбір өңірлердегі су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта министрліктің күштері және құралдары су басқан аумақтарда төтенше жағдайларды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Таяуда Астана қаласының маңындағы Қоянды ауылын су басқан болатын. Сондай-ақ Ақмола облысының Зеренді ауданында бірқатар жолды су басты. Жамбылдық құтқарушылардан құралған топ бара салып су тасқыны кезінде жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетеді.
Су тасқыны жағдайын бақылап, мониторинг жүргізеді. Қажет болған жағдайда адамдарды эвакуациялайды. Қазір су басқан аумақтар тікұшақтармен бақылануда. Қауіпті өңірлерде сенім телефоны жұмыс істеуде және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жалпы Қазақстанның 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Егер басқа да өңірлерге көмек қажет болса облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері қол созуға дайын.
Амангелді Азат
Тараз қалалық төтенше жағдайлар
басқармасының аға анықтаушысы