Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отпен ойнама!

Отпен ойнама!
Ашық дереккөз
Өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін апат.

 Өрт оқиғалары негізі тұрғын үй секторларында жиі орын алады. Отты абайсыз қолдану, пештің ақауы, электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, балаларды қараусыз қалдырудың соңы өрт оқиғаларымен аяқталып жатады. Ең бастысы, үйіңізде пайдаланылатын пеште ақау болса, онда өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздыгүні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Өрт оқиғаларының басты себептерінің бірі – газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, жарылыс секілді үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллонынан газдың шығып жатқанын тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады.

Газдың иісін сезгенде сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды. Егер газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып, бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға болмайды, сондай-ақ бұзылған жағдайда өзіңіз жөндемеңіз. Көп жағдайда үйге электр желісін жүргізгенде өрт қауіпсіздігі ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Қауіпсіздікке немқұрайды қараудың соңы қайғылы оқиғамен аяқталмасын десеңіз аса мұқият болғаныңыз жөн. Электр желісі бұзылса, кәсіби біліміңіз болмаса өзіңіз жөндеу – өте қауіпті.

Өртті сөндірудің негізгі құралдарының бірі – су. Дегенмен су электр өткізгіш. Сондықтан суды тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіру үшін пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың тиюінен қысқа тұйықталу болуы мүмкін.

Бақытжан Өтешов,

Тараз қалалық төтенше жағдайлар

басқармасының бас маманы

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар