Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков модераторлық еткен отырыста өңірлік топтың мүшелері баяндама жасады. Мәселен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры Рысты Керімбаева қатысушыларға қазақ халқының этностардың бірлігін сақтаудағы топтастырушы әлеуетінің маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ облыстық ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов этностар мәдениетінің қыр-сырына, ел тарихына тоқталды. Қордай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша ой қозғады. Баяндамашы түрлі этнос өкілдері ежелден тату-тәтті өмір сүріп келе жатқанын және бұл үрдісті алдағы уақытта да сақтау маңызды екенін атап өтті.
\Жиында Бетқайнар ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Латиф Абылкасымов білім мен ғылым саласына қатысты мәселелердің шешіміне қатысты пікірін білдірді. Отырыс соңы өзара пікір алмасулармен тәмамдалды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024