Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1 311 көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды

1 311 көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды
Автор
Облыста «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» аясында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың мәдениетін арттыру мақсатында күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Басты назар жол ережесін бұзатын жүргізушілерге аударылған. Мәселен, Тараз қаласында №32 бағытта жолаушылар тасымалдайтын «Yutong» автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері дәл осындай бұзушылықтар үшін 1 311 көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жолды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы өтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілуде. Себебі, биыл тек жаяу жүргіншілердің қатысуымен 499 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 44 адам қаза тауып, 495 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды өзара сыйластық пен сақтыққа, сондай-ақ жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар