Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БІЛІКТІ МАМАН – БАЯНДЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

БІЛІКТІ МАМАН – БАЯНДЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ
ашық дереккөз
БІЛІКТІ МАМАН – БАЯНДЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ
Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мамандық – әрбір адамзаттың болашағы. Білім саласындағы қазіргі негізгі міндет – білімді, саналы, ынталы, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, білікті маман даярлау. Студенттерге жаңа сапалық деңгейде білім беру, яғни білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында оқу-тәрбие үрдісін инновациялық тұрғыда ұйымдастыру, жоғары білім беруді халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру жүйелі жолға қойылған. Оқу орны сапалы мамандар даярлау үшін үш қағиданы басшылыққа алады. Бірінші – профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін үзбей жетілдіріп отыру, екінші – студенттердің тәжірибелік білімін көтеру, үшінші – жаңартылған білім мазмұны бойынша кадр даярлау. Институтта профессорлық-оқытушылар құрамы студенттерге бағытталған оқыту саясатын жүзеге асыра отырып, оқу үрдісінде креативті және бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру бойынша тұлғаға бағытталған тәсілдерді белсенді қолданады. 2023-2024 оқу жылынан бастап «Стандарттау және ветеринария» кафедрасы «Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау» және «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлерді қабылдады. Осыған байланысты Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-да «Ветеринариялық медицина» бағыты бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын шыңдау үшін «Ветеринария және малшаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы» іске қосылды. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайындағы отандық білім беру жүйесінің басым бағыттарын ойдағыдай жүзеге асыруда ЖОО оқытушылары кәсіби шеберлігін, оқу-әдістемелік тәжірибелерін ұдайы жетілдіріп отырады. Сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы республикалық Стандарттау және сертификаттау бойынша республикалық техникалық комитеттердің жұмыстарына белсенді атсалысып, осы салада енгізіліп жатқан тың, жаңа стандарттар мен нормативтік-құқықтық актілермен білім алушыларды алғашқылардың қатарында ақпараттандырады. Пернекүл МАЛИКТАЕВА, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының меңгерушісі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар