Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
ашық дереккөз
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған. Қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiсінде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын мүлік мемлекеттік бақылау және қадағалау объектісі ретінде қарастырылады.Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау: 1. Қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына; 2. Қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақытылығына; 3. Қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігіне; 4. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына; 5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға әзірлігіне; 6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексіне» және «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес орындалады. Аружан ЕРЕЖЕПБАЙ, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің химия және металлургия өнеркәсібін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар