Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ОҢ КӨЗҚАРАС

ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ОҢ КӨЗҚАРАС
ашық дереккөз
ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ОҢ КӨЗҚАРАС
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады. ҚР азаматтары, қандастар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударушылар болып табылады. Мемлекеттік қолдау келесіні қамтиды: 1. Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне жетпіс айлық есептік көрсеткіш (241 500 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі. 2. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі: Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін: - бір адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (69 000 теңге); - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болса, жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (86 250 теңге);  - бес және одан көп отбасы мүшелерінің саны кезінде отыз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (103 500 теңге). Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін: - бір адамға он бес айлық көрсеткіш мөлшерінде (51 750 теңге); - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде он сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (62 100 теңге); - отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде жиырма бір еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (72 450 теңге). 3. Экономикалық ұтқырлық сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу, тұрғын үйді сатып алу және салу үшін ақшалай төлем ретіндегі материалдық көмек. Қоныс аударушыға экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үйді сатып алуға немесе алғашқы жарна ретінде пайдалануға тұрғын үй құнының 50 пайызын, алайда 4 миллион теңгеден аспайтын сомада ұсынылады. 4. Бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету: жұмысқа орналастыру, оқыту және микрокредит беру. Тараз қалалық мансап орталығының ізденушілермен жұмыс жасау бөлімі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар