Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Саудакент ауылының көшелері самаладай жарық

Саудакент ауылының көшелері самаладай жарық
ашық дереккөз
Саудакент ауылының көшелері самаладай жарық
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округінің әкімі Мейіржан Өксікбаев брифинг өткізді. Байқадам ауылдық округі 1998 жылы құрылған. Жер көлемі – 45828,1 гектар. Оның ішінде егістік жер – 333,9 гектар, жайылым – 7319,5 гектар. Ауылдық округтің орталығы – Саудакент ауылы. Мұнда барлығы 995 үй болса, 6 115 тұрғын тұрады. Саудакентте жыл басынан бері 72 нәресте өмірге келіпті. Сондай-ақ 8 отбасындағы 43 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты. – «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Саудакент ауылының тұрғыны Жанар Ахметованың баспанасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы ауылдық округ бойынша 253 өрен әскерге шақырылып, 21 жасөспірім Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ауыл тұрғындарының негізгі айналысатын кәсібі – егін және малшаруашылығы. Ауылда 20 126 қой-ешкі, 1 409 жылқы, 300 түйе, 3 386 құс тіркелген. Ауылдық округ бойынша 24 шауа қожалық жұмыс істеуде. Оның ішінде 13-і малшаруашылығымен, 11-і егіншаруашылығымен айналысады. Жалпы суармалы егістік бойынша 314 гектар жер игерілді. Лизинг бойынша шаруа қожалықтар былтыр 7 трактор алды, – дейді М.Өксікбаев. 2023 жылы Саудакент ауылындағы орталық саябақ пен Н.Әбдіров, Ж.Аймауытов, І.Жансүгіров, Абай, Ә.Өзденбай, Қазыбек би, С.Сейфуллин көшелеріне 12,6 миллион теңгеге түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізіліпті. Ұ.Есенбеков көшесіне 10,5 миллион теңгеге кіші футбол алаңшасы орнатылған. Ы.Дүкенұлы кесенесіне 15,4 миллион теңге бөлініп, жөндеу, абаттандыру жұмыстары атқарылған. Көгалдандыру бойынша ауылға 850 түп тал егілген. Эльмира БАЙНАЗАРОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар