Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ 644,8 МЫҢ ГЕКТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ  644,8 МЫҢ ГЕКТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ
ашық дереккөз
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ 644,8 МЫҢ ГЕКТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Мұқашев мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. 2024 жылы ауылшаруашылық саласын дамытуға 40,7 миллиард теңге қарастырылса, 19,6 миллиард теңгесі мемлекеттік бағдарламаларға, яғни субсидияға бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 2 320 шаруашылыққа 3,5 миллиард теңге субсидия төленген. Сонымен қатар жыл басынан бері салада 14,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, 2,2 пайызға артыпты. Ауылшаруашылығының негізгі капиталына 310,3 миллион теңге инвестиция тартылғанын айтқан Нұржан Нұрланұлы дала жұмыстарына дайындықтың жай-күйіне тоқталды. – 2024 жылдың өнімі үшін ауылшаруашылық дақылдары 644,8 мың гектарға орналастырылады. Оның 364,7 мың гектарына дәнді және дәнді бұршақты, 45,7 мың гектарына майлы дақылдар, 7,9 мың гектарына қант қызылшасы, 4,5 мың гектарына картоп, 23,1 мың гектарына көкөніс, 7,9 мың гектарына бақша дақылдары, 190,5 мың гектарына мал азығы дақылдары егіледі. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 44,8 мың тонна тұқымның 42,9 мың тоннасы, яғни 95,7 пайызы дайындалды. Жетіспейтін тұқым көлемі облысымыздағы және көрші облыстардағы тұқым өндіруге және сатуға аттестатталған шаруа қожалықтар тарапынан толықтырылады. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына 7 311 ауылшаруашылық техникасы қатысады. Техникалардың 92,4 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын. Сонымен қатар дала жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет тарапынан 10,8 мың тонна дизель отыны бөлінді. Арнайы комиссияның шешімімен облыс бойынша жанар-жағармай таратушы әлеуетті операторлар анықталып, дизель отынының бағасы литріне 250 теңге болып бекітілді, – деді Нұржан Мұқашев. Спикердің айтуынша, 2024 жылы 332,4 мың гектар алқапқа 53,3 мың тонна минералды тыңайтқыш себіледі. Сондай-ақ биыл 65,2 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіледі. Ал көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы 2,5 миллиард теңге қарастырылған. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар