Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Құмшағалдағы» кешенде барлық жағдай жасалған

«Құмшағалдағы» кешенде барлық жағдай жасалған
ашық дереккөз
Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше назар аударған еді.

Бұл бағытта Тараз қаласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның жарқын дәлелі – «Құмшағал» тұрғын алқабында ашылған заманауи жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені. Бұл тұрғындардың көптен бергі тілегі болатын.Нысанның құрылысын жүргізген мердігер – «НұрТұрсын» ЖШС болса, техникалық қадағалаушысы – «ТаразТехнопроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

    Жалпы екі қабатты жаңа спорт нысанында балалар мен жасөспірімдер денешынықтыру клубы құрылған. Мұнда 7 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер футбол, волейбол, қазақ күресі, дзюдо, бокс, кикбоксинг сынды спорт түрлері бойынша жаттығуда. Нақтысы, 452 жас спортшы түрлі дүбірлі додаларға дайындалуға мүмкіндік алады.Ерекше атап өтерлігі, жаңа нысанда балғындардың тәлім алуы тегін жүзеге асырылады.

Бүгінде алқапта 25 мыңнан астам тұрғын бар болса, оның 5 мыңға жуығы – жасөспірімдер. Сондықтан ел игілігіне берілген кешен балалардың қала орталығына қатынамай-ақ спортпен шұғылдануына мол мүмкіндік туғызып отыр.

Тараз қаласы әкімдігінің 
медиа орталығы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар