Ақбұлым ауылдық округінде 4 065 халық тұрады. Ердос Елібайұлының айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл санап ауылдың ажары ашылып, көркі кіріп, халықтың өмір сүру сапасы жақсарып келеді. – Әр салаға жеке-жеке тоқталсам, 889 оқушы мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде 216 бала тәрбиеленуде. Балабақшаға кезек жоқ. Ал денсаулық сақтау саласында 2018 жылы пайдалануға берілген 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бүгінгі таңда 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
Бұдан бөлек 9 606 кітап қоры бар кітапханамыз бар. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында кітапхананың жанынан цифрландырылған ақпараттық орталық аштық. Онда былтыр 214 келушіге 360 анықтама берілді, – деді Ердос Бейсенов.
Бұдан бөлек спикер 8 спорт нысаны бар екенін, қазіргі таңда ауылдық окургте спортпен шұғылданушылар қатары 30,1 пайызды құрағанын атап өтті. Сонымен қатар округ әкімі ауылшаруашылық саласында атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
Сондай-ақ баяндамашы 2023 жылдың қорытындысымен тұрақты жұмысқа 101 адам, әлеуметтік жұмысқа – 6, жастар практикасы бойынша – 9, ақылы қоғамдық жұмысқа 43 адам тартылғанын баяндады.Брифинг соңында Ердос Елібайұлы алдағы жоспарлармен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Бинура Жақыпбай, 11-сынып оқушысы,
Тараз қаласы