arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

САЛАДАҒЫ БИІК БЕЛЕСТЕР

САЛАДАҒЫ БИІК БЕЛЕСТЕР
ашық дереккөз
САЛАДАҒЫ БИІК БЕЛЕСТЕР
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхит Нысанбаев брифинг өткізді. Мұхит Аманқұлұлы білім саласындағы көрсеткіштер мен өзгерістер туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Баяндамашының айтуынша, облысымызда білім беру саласына 2023 жылы 280 миллиард теңге, биыл 320,2 миллиард теңге бөлініпті. Мемлекеттік қолдау артқан сайын саладағы көптеген өзекті мәселе оң шешімін тауып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілген. – Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», деген. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Облыстағы 586 мектепке дейінгі ұйымда 61 292 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1-6 жас аралығындағы жеткіншектер – 92,1 пайыз, 2-6 жас аралығындағылар – 94,2 пайыз, ал 3-6 жас аралығындағылар 100 пайыз қамтылып отыр. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар саны өткен жылмен салыстырғанда 222-ден 245-ке өсті. Өткен жылы 3 197 орындық 15 жекеменшік ұйым ашылды. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 326 баланы былтырғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 425,6 миллион теңге қарастырылды, – дейді Мұхит Аманқұлұлы. Білім саласындағы ең маңызды мәселе – орта білім жүйесін жетілдіру. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың негізгі шарты. Бүгінгі күні облыстағы 506 орта білім беру ұйымында 248 мыңнан аса оқушы білім алуда. Спикер білім алушыларға қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылатынын да тілге тиек етті. Өткен жылы аймақта жиырма мектептің және сегіз мектептің жапсарлас құрылысына қаржы қарастырылыпты. Сонымен бірге 5 мектеп және 2 мектептің жапсарлас құрылысы аяқталған. Нәтижесінде оқушы орны тапшылығы бар 2, тозығы жеткен 3 мектептің мәселесі шешілген. Ал биыл 19 нысанның құрылысы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында былтыр басталған 7 мектептің құрылысы 2024 жылдың соңына дейін аяқталып, бесеуінің құрылысы биыл басталады. Мұнан бөлек биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 6 мектепке, облыстық бюджет есебінен Шу ауданындағы А.Макаренко атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр екен. – Білім сапасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – мектептің ресурстық қамтамасыз етілуі. Осыған орай өткен жылы бөлінген қаражат шегінде 30 мектепке 90 жаңа модификациялық кабинет, 5 STEM, робототехника кабинеті, Қордай ауданындағы №14 және №52 орта мектептеріне ұлдар мен қыздардың еңбек кабинеттері сатып алынды. Биыл білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге 6,3 миллиард теңге қаржы қарастырылды. «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы аясында «Білім беруді тұрақты дамыту» қорымен бірлесе отырып тірек мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Облыстағы 3 мектеп аталған қордың қолдауымен 750 миллион теңгеге заманауи үлгіде жабдықталса, биыл тағы 8 мектеп жабдықталады. Іске асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде биыл 63 873 дана көркем әдебиет сатып алынды. Оқушылар оқулықпен және оқу-әдістемелік кешендерімен 100 пайыз қамтылған, – дейді баяндамашы. Айта кету керек, 2023 жыл облыс оқушылары мен педагогтарының жетістіктеріне, жеңістеріне толы жемісті жыл болды. Мәселен, республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы он төртінші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленді. Одан өзге де жетістіктер жайлы Мұхит Аманқұлұлы кеңірек тоқталып өтті. – Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада облыс командасы жүлделі І орынды иеленіп, «Ең үздік команда» болып танылды. Сондай-ақ республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша, 100 үздік мектептің ресми рейтингіне Жамбыл облысының 7 мектебі енгізілді. Облыстың оқушылары республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 359 медаль иеленді. Биылғы оқу жылында тұңғыш рет ауыл мектептері оқушыларының арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңіне 49 оқушы қатысып, 30 оқушы жүлдемен оралды, – деді спикер. Баяндамашының айтуынша, былтыр өткен 538 әдістемелік іс-шараға облыс педагогтары 100 пайыз қамтылған. Республикалық, халықаралық байқауларда 81 педагог жеңімпаз атанып, 6 педагог республикалық «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз болған. Соңғы 12 жылда «Үздік педагог» атағын иеленген 47 педагогтың 18-і ауыл мектептерінде қызмет етеді екен. Брифинг барысында спикер педагогтарды «Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» атты конкурсқа қатысуға шақырды. – Өңірдің жалпы орта білім беру саласында кәсіби құзыреттіліктері мен көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасқан педагогтарды анықтау, өңірлік кадр пулын қалыптастыру мақсатында «Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» атты педагогтар арасында облыстық конкурс өткізілгелі отыр. Конкурсқа педагогтар, әдіскерлер, директордың орынбасарлары қатыса алады, – деді М.Нысанбаев.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар