Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұстаз тереңдігі - білімде

Ұстаз тереңдігі - білімде
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында мeмлeкeттік қызмeттің бaрлық caлacын қaмти отырып, әр сала бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін нақты атқарылатын міндеттерді саралап берді. Педагог мәртебесін көтеру, жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптардың күшейтілетіндігі, жоғары оқу орнын бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы мен әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнатудың маңыздылығы сияқты қомақты мәселелердің түйінін дұрыс шешу міндеті жүктелді.

 Аталған басымдықтарды жүзеге асыру М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұжымы үшін eгeмeн eліміздің тұрaқты дaмуын қaмтитын, мeмлeкeтіміздің бaрлық caлacынa ceрпін бeрeтін, хaлқымыздың игілігін көздeйтін шынaйы іc-жоcпaрғa құрылғaн әрі құндылықтaрымызды зaмaнaуи бaғыттa жaңғыртуғa жол cілтeйтін жaңa қaдaм болды. Адамзат баласының саналы ғұмырында ешкім тартып ала алмайтын меншігі, баға жетпес байлығы – ол оның тірнектеп жинаған білімі. Нағыз білімділіктің басты өлшемі біздің ұстаздарымыздың өз кәсібіне деген адалдығы мен әділдігінде, елі мен халқының алдындағы парызын терең түсінуінде. Өз өмір жолын Ұлы Конфуций: «Он бес жасымда мен тек терең білімге бет бұрдым. Нәтижесінде отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда кемелдендім.

Елу жасымда көкті еркін таныдым. Алпыс жасымда бәріне жеттім. Жетпіс жасымда мақсаттарымның бос болмағанын түсіндім», деген ойлармен сабақтаса, ұлы ойшыл Әл-Фараби: «Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жетсе мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз», деген даналығымен ұштайды, біздіңше, ғұламалар дәл бүгінгі күннің талабын айтып тұрғандай. Кешегі ұстаз талабына сай теориялық білімінің тереңдігімен, мерейінің үстемдігімен ерекшеленсе, бүгінгі жаңашыл ұстаз талап үдесінен шығу үшін алған білімін қолдана білумен қатар, оқу үрдісін ұйымдастыруымен, білім берудегі құндылықтар мен оқытудан күтілетін нәтижелерді жүйелей алуымен, қажеттіліктерді анықтап, қолдана алу дағдыларын қалыптастыруымен ерекшеленіп отыр. Қоғам алдында жаңашыл мұғалімнің бойында жеке көзқарасы, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеттерімен қатар, өз бетінше оқып, ізденіп, кеңейтілген білім алуға үйрете алатын құзыреттілікке ие мамандар дайындау міндеті тұр.

Бұл бағытта ғасырға жуық тарихы бар, ұстазға артылар жүк, қойылатын талап жоғары екендігін жақсы түсінетін Дулати университетінің ректоры Мұқтар Қазбекұлының басшылығымен атқарылып жатқан университет ұжымының жеңістері мен жетістіктері де сүбелі. Қашанда жаңашылдықтың жаршысы болып жүретін басшымыздың тынымсыз тірлігі ұстаздардың инновацияларды жылдам қабылдап, тез арада нәтижелі іске асырып отыруына серпіліс береді. Ең бастысы, мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды мақсат тұтады. Бұл білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың заманауи әрі жаңа сапасын жүзеге асыруды талап етеді.

Бұл тұста атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстар өте көп, негізгі даму басымдығымыз – жоғарғы корпоративтік мәдениетіне негізделген стратегиялық жоспарлау мен қаржылық менеджментіміз қалыптасты, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастықты жоғарылату үшін дүниежүзінің алдыңғы қатарлы университеттермен, ғылыми-педагогикалық орталықтарымен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатылды, Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары Ассоциациясы құрылды, дуальді және қосдипломды оқыту жүйесі іске асырылуда, шетелдердің алыс, жақын оқу орындарымен ынтымақтастық байланыс орнатылды, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессор-оқытушылар мен студенттер біліктіліктерін жоғарылату мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі таңда білім мен ғылымға қойылатын талап артып, оқу жүйесі күрделенген шақта жаңа қоғам мен мәртебелі маман иесі – ұстаздарға жүктелер жүк те еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында білім беру мен ғылым ғана емес, сондай-ақ өркениет көшіне жол бастайтын әрі ұлттық рухта тәрбиеленген білімді де білікті маман тәрбиелеп шығару міндеті тұрғаны айқын, бұл тұрғыда бізге жүктелер жауапкершілік те жоғары екенін жақсы білеміз. Бүгінде білім беру саласында көптеген модернизация жүргізіліп жатыр, соларды мүмкіндігінше іске асыруға тырысамыз.

Орта білім берудің жаңа моделі, ағылшын тілін меңгеру, кәсіптік білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, рухани жаңғыру жолында жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлер мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаға бастама болды. Және де функционалды сауаттылықты арттыру жолдары мен әдістерін кеңінен қолдану жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгін біз білім берудің өзекті мәселелерін талқылаудамыз. Мемлекетіміз үшін зор маңызы бар білім беру саласында бірлесе жұмыс жасауымыз қажет. Жаңғыруда жаңа серпіліс болып отырған бастамаларды жүзеге асыруда да бізге жүктелер жүк салмақты, тез шешуді қажет ететін мәселелер аз емес. Дегенмен біз даму жолдарын көріп отырмыз. Ең басты мақсат – білім сапасын арттыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін осы үдеріске әрқайсысымыз өз тарапымыздан белсенділік көрсетуге тиіспіз.

Бүгінде біздің ұжым айтылған мәселелердің өзектілігін терең ұғынып, университет ректорының қолдауымен білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу жолында өзіндік жаңа бастамаларымен жұмыс атқаруға жұмылды. Ашықтық, адалдық, креативтілік принциптеріне жүгіне отырып, білім беру сапасын көтеру, осы уақытқа дейін жалғасын тауып келе жатқан нәтижелі жобалардың жұмысын жандандыру, ұстаздардың кәсіби өсуіне байланысты әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі шешімін тауып, еңбегіне қарай өтемі, яғни дербес қаржыландыру бастамасы жүзеге асырылуда.

Жастардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағдыны қалыптастыру мақсатында кeлeшeк ұрпaқ мүддecін қорғaудың нaқты жолдaрын ұcынып отыр. Әлемдегі беделді жоғары оқу орындарында білім алуға жаңа мүмкіндіктер жасалып, жақсылықты, өзгерісті нақты сезінуге айрықша көңіл бөлінуде. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттер үшін қарастырылған жеңілдіктер, жастардың құқықтық, цифрлық-технологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шараларды, балалар институтын қолдау, инклюзивті білім беру, жеке тұлғаны зерттеу бағдарламалары аясында мақсатты жұмыс істеу мәселелерін жаңа Жолдау негізінде жаңғыртып, сәтті іске асырылуына күш салмақ.

Ұжым басшысының адам еңбегінің бағалануына ерекше мән беруі, қолдауы, дәріптeуі болaшaғымыздың жaрқын, жолының дaрa болaтындығынa ceнімімізді aрттырaтындығы жәнe жігeрімізді шыңдaйтыны cөзcіз. Жаңалықтарды енгізе отырып, еліміздің табысты болуына, дамуына, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне өз үлесімізді қосамыз.

Айсұлу ТҰРАРОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар