Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ата-аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Ата-аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті
ашық дереккөз
Ата-аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Басқарма төрағасы жанындағы ата-аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бұл зияткерлік мектептердегі оқушылардың әл-ауқаты мен мектеп өміріне ата-аналардың белсенді араласуына жағдай жасайды. Сонымен бірге өңірлердегі зияткерлік мектеп оқушылары ата-аналарының атынан келген өкілдер NIS экожүйесіндегі өзгерістер мен шешімдерді қабылдауда өз ұсыныстарын білдіре алады. Жиынға Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жалпы ата-аналар комитетінің төрағасы ретінде Гүлмира Есжанова қатысып қайтты. Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин өңірлерден келген ата-аналарға ұйым мен орталықтар жұмысын таныстырды. Сондай-ақ алдағы уақытта қандай өзгерістер мен байыпты бастамалар болатынын айтты. – PISA-2022 нәтижелері ата-аналардың оқу процесіне араласуы мен мектептермен тиімді қарым-қатынас орнатуы оқушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, олардың академиялық үлгерімін де, жалпы әл-ауқатын да жақсартуға оң ықпалын тигізетінін көрсетті. Сондықтан біз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымы жанынан ата-аналар кеңесін құрып, олармен тығыз байланыс орнатуды шештік, – деді. Жиын барысында кеңестің Әдеп кодексіне қол қойылып, ережесі бекітілді. Алдағы оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары айқындалды.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар