Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТАҢДАЙДА ЕРИТІН ТАҢҚУРАЙ

ТАҢДАЙДА ЕРИТІН ТАҢҚУРАЙ
ашық дереккөз
ТАҢДАЙДА ЕРИТІН ТАҢҚУРАЙ
Әңгімеміздің әлқиссасын ер адамды «пірім» деп жүрген Бекназар келіні Қамаризададан бастамай тұрып, отаудың отағасы Орынбайдың өзінен бастағымыз келіп отыр. Өйткені оның өзі бір таңғажайып адам. Олай деуімнің себебі бар... Орынбайды Еңбекші мен Көкарық халқы, қала берді Қарақыстақ жұрты білікті де білімді, көрікті әрі көсем сөзімен ғана емес, тындырымды ісімен көзге түсіп жүрген қарапайым құрылысшы ретінде таниды. Оның тумысынан ақты – ақ, қараны – қара деп танып, қандай тірлікті қолға алса да аяғына дейін жеткізбей қоймайтын табанды да тиянақты қасиеті бар. Ол «өмір» атты үлкен өзенге ес біліп, етек жия салысымен «гүмп» етіп қойып кеткен жоқ. Алдымен табиғаттың тылсым да тұңғиық күшін тану үшін ілім мен білімге жүгінді. Расында, ол көп оқитын. Құрылыс техникумында ұстаздарынан дәріс ала жүріп спортпен шұғылданды. Арагідік бозкілемге шығып, өзінің білек күші мен айла-тәсілін шыңдады. Сонда да ол айды аспанға шығарған айтулы ғалымдардың, дүниежүзі классиктерінің еңбектерін оқудан бір жалықпайтын. Орынбайдың өмірге деген қызығушылығы, «өнерді үйрен де, жирен» деген салбурын салтты ұстануы оны қандай да тығырықтан алып шығатын еді. Өйткені ол адамдармен тіл табыса білу психологиясын жақсы білетін. Бәлкім, сондықтан болар, ол сол кездегі «Абай», «Путь к коммунизму» колхоздарының төрт төрағасымен үзеңгі қағыстырып жұмыс істеді. Орекең құрылыс шебері, прораб бола жүріп қарамағындағы құрыш білекті әріптестерінің бірде-бірін жұмыстан шығарып, сергелдеңге салып көрген емес. Оның пайымында: «Әр ер адам отбасының асыраушысы. Сондықтан оны жұмыссыз қалдыруға болмайды» деген қағида бар. Ол студент кезінде спортпен көп шұғылданғандықтан ба, кейін кеңселік қимылсыз жұмыс оны етжеңді етіп жіберсе керек. Тіпті салмағы 120 келіге дейін өсіп кеткен. Сонда ол салмақ түсірудің сан тәсілі туралы кітаптарды ақтарып, қайтадан баз баяғы қалпына келеді. Біздің бағанадан бері айтайын деп отырғанымыз оның бизнеске қалай келгені ғой. Табыс табуды әркім әртүрлі ойлайды. Ал Орынбай көп шығын шығармай, таза пайда табудың жолын жатпай-тұрмай ойланды. Көптеген оқулықтарды ақтарып, теледидардан өсімдік шаруашылығының қыры мен сырын тыңдап, тіпті Германия, Америка, Нидерланды, Жапония сынды дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне зейін қойды. Сондағы тапқаны – таңқурай, яғни кәдуілгі «малина» болды. Сонымен үй іргесіндегі шағын бақшалыққа голландиялық және америкалық мол өнім беретін таңқурайдың көшеттерін әкеліп отырғызып, тікені қолыңды шағатыны болмаса, табысы әжептәуір қып-қызыл шиқандай, дәмі тіл үйіретін таңқурайды өсіріп, табысқа кенеле бастады. – Тоқсаныншы жылдардың басында колхоздардың шаруасы шатқаяқтап, жетпіс төрт жыл бойы жиған-терген байлық талан-таражға түсе бастады. Осы тұста ғой маған осы ойдың келгені. Турасын айтсам, екі мыңыншы жылдың басында үй іргесінде жүріп таңқурай өсіруді қолға алдым. Өз ауламдағы алақандай отыз сотық жерден сексен мың теңге табыс алғанымда жан жарым Қамаризада да, алты балам да қатты қуанды. Шағып алатын тікені бар демесеңіз, осы азын-аулақ таңқурайдың өзі отбасымыздың қажетіне жарады. Оны айтасыз, келе-келе жылына екі тоннаға жетеқабыл жеміс жинап, 2-3 миллион теңге табыс табатын халге жеттік. Ең бастысы, ерінбедік. Балаларымды да еңбекке үйреттім. Соның арқасында қорамыз қойға, үйіріміз жылқыға тола бастады, – дейді Орынбай Бекназаров. Иә, кейбіреулер сияқты қарызданып-қауғаланып жүріп бизнес құрайтындарды ол онша ұнатпайды. Алайда ел қатарлы бір шаруа қожалығын ашу оның көптен бері ойында жүрген. 2001 жылы осы ойын жүзеге асырып, «Кенел» шаруа қожалығын ашты. Алғашында ұлы Кемелдің ныспысын алған қожалық кейін «Кенел» деп аталып кетті. Ұлы Кемелді де ауылдастары «Кенел» деп атай бастады. Қазақ ұғымында «кенел» деген сөз «байлыққа кенел» дегенді білдірсе керек қой. Сөйтіп, бүгінде қожалықтың шаруасы шалқып тұр. Орекең жүрегіне ота жасатқалы қожалық қазір зайыбы Қамаризаданың атында. Ауыл іргесіндегі фазендада төрт жарым мыңнан аса гисар қойы мен елуден аса қыл құйрықтысы бар осынау кәсіп иелерінің бүгінгі тыныс-тіршілігін өздері құрылтайшы болып жүрген «Құлан-Дән» несие серіктестігі мекемесінің қызметкері Абдулхамитпен бірге аралап көрдік. Әдетте қай қожалыққа барсаңыз да «малшымыз тұрақтамайды» деген келеңсіз уәждер естіп үйренген біз қожалық жетекшісі Қамаризада Қырықбайқызының шопандары мен жылқышылары туралы жылы лебізін естіп, бір марқайып қалдық. Осындағы малшыларға Асхат Ахметов деген азамат сегіз жылдан бері бас-көз болып, қойдың өрісін, қойшының қонысын тауып беріп жүрген жайы бар екен. Ол: «Қожалықта төрт мыңнан аса гисар қойы бар десек, соның мың басы қазір бордақылау алаңында семіртілуде. Төрт жүз еркек тоқты мен екі жүз саулық қазіргі заман талабына сай салынған кешенге қойылған. Оларға мың тонна көкпеңбек жоңышқа түктеліп, 70 тонна жем әзірленді. Қалған малдың барлығы өрісте. Осыншама малға аға шопандар Жанат Қалменов және әкелі-балалы Бақтыбек пен оның ұлы Дулат Жұмашевтер бас болып жүр. Қожалық басшысы ай сайын әрқайсысымызға екі жүз мың теңге көлемінде айлық жалақы, науқандық жұмыс қорытындысы бойынша бір-бір жылқы, азық-түлігімізді беріп тұрады. Әр малшының өз баспанасы бар. Мәселен, маған ауыл орталығынан зәулім шатырлы тұрғын үй салып берді. Осының барлығы қожалық басшысы Қамаризада мен оның жұбайы Орынбай ағаның қамқорлығы дер едім», – дейді аға шопан Асхат Ахметов риза пейілмен. Иә, қожалықтың өркендеуіне Бекназаровтар әулетінің қалада тұратын ұлы Жамбыл мен ауылдағы ұлы Кенелдің қосып жүрген үлесі зор деу керек. Ерлі-зайыпты кәсіп иелерінің кіндігінен тараған үш ұл мен үш қыздың бәрі жоғары білімді мамандар, үйлі-жайлы. Міне, таңқурай өсіріп, сол жемісті өсіруден өздеріне бизнес жасап алған Бекназаровтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай. Орекең де, Қамаризада да өздерінің қолдарын ұзартып, кәсібінен мол нәсіп табуға себі тиген таңқурай өсіруді олар бүгінде негізгі табыс көзі деп санайды. Орынбайды Еңбекші мен Көкарық халқы, қала берді Қарақыстақ жұрты білікті де білімді, көрікті әрі көсем сөзімен ғана емес, тындырымды ісімен көзге түсіп жүрген қарапайым құрылысшы ретінде таниды. Оның тумысынан ақты – ақ, қараны – қара деп танып, қандай тірлікті қолға алса да аяғына дейін жеткізбей қоймайтын табанды да тиянақты қасиеті бар. Ол «өмір» атты үлкен өзенге ес біліп, етек жия салысымен «гүмп» етіп қойып кеткен жоқ. Алдымен табиғаттың тылсым да тұңғиық күшін тану үшін ілім мен білімге жүгінді. Расында, ол көп оқитын. Құрылыс техникумында ұстаздарынан дәріс ала жүріп спортпен шұғылданды. Арагідік бозкілемге шығып, өзінің білек күші мен айла-тәсілін шыңдады. Сонда да ол айды аспанға шығарған айтулы ғалымдардың, дүниежүзі классиктерінің еңбектерін оқудан бір жалықпайтын. Орынбайдың өмірге деген қызығушылығы, «өнерді үйрен де, жирен» деген салбурын салтты ұстануы оны қандай да тығырықтан алып шығатын еді. Өйткені ол адамдармен тіл табыса білу психологиясын жақсы білетін. Бәлкім, сондықтан болар, ол сол кездегі «Абай», «Путь к коммунизму» колхоздарының төрт төрағасымен үзеңгі қағыстырып жұмыс істеді. Орекең құрылыс шебері, прораб бола жүріп қарамағындағы құрыш білекті әріптестерінің бірде-бірін жұмыстан шығарып, сергелдеңге салып көрген емес. Оның пайымында: «Әр ер адам отбасының асыраушысы. Сондықтан оны жұмыссыз қалдыруға болмайды» деген қағида бар. Ол студент кезінде спортпен көп шұғылданғандықтан ба, кейін кеңселік қимылсыз жұмыс оны етжеңді етіп жіберсе керек. Тіпті салмағы 120 келіге дейін өсіп кеткен. Сонда ол салмақ түсірудің сан тәсілі туралы кітаптарды ақтарып, қайтадан баз баяғы қалпына келеді. Біздің бағанадан бері айтайын деп отырғанымыз оның бизнеске қалай келгені ғой. Табыс табуды әркім әртүрлі ойлайды. Ал Орынбай көп шығын шығармай, таза пайда табудың жолын жатпай-тұрмай ойланды. Көптеген оқулықтарды ақтарып, теледидардан өсімдік шаруашылығының қыры мен сырын тыңдап, тіпті Германия, Америка, Нидерланды, Жапония сынды дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне зейін қойды. Сондағы тапқаны – таңқурай, яғни кәдуілгі «малина» болды. Сонымен үй іргесіндегі шағын бақшалыққа голландиялық және америкалық мол өнім беретін таңқурайдың көшеттерін әкеліп отырғызып, тікені қолыңды шағатыны болмаса, табысы әжептәуір қып-қызыл шиқандай, дәмі тіл үйіретін таңқурайды өсіріп, табысқа кенеле бастады. – Тоқсаныншы жылдардың басында колхоздардың шаруасы шатқаяқтап, жетпіс төрт жыл бойы жиған-терген байлық талан-таражға түсе бастады. Осы тұста ғой маған осы ойдың келгені. Турасын айтсам, екі мыңыншы жылдың басында үй іргесінде жүріп таңқурай өсіруді қолға алдым. Өз ауламдағы алақандай отыз сотық жерден сексен мың теңге табыс алғанымда жан жарым Қамаризада да, алты балам да қатты қуанды. Шағып алатын тікені бар демесеңіз, осы азын-аулақ таңқурайдың өзі отбасымыздың қажетіне жарады. Оны айтасыз, келе-келе жылына екі тоннаға жетеқабыл жеміс жинап, 2-3 миллион теңге табыс табатын халге жеттік. Ең бастысы, ерінбедік. Балаларымды да еңбекке үйреттім. Соның арқасында қорамыз қойға, үйіріміз жылқыға тола бастады, – дейді Орынбай Бекназаров. Иә, кейбіреулер сияқты қарызданып-қауғаланып жүріп бизнес құрайтындарды ол онша ұнатпайды. Алайда ел қатарлы бір шаруа қожалығын ашу оның көптен бері ойында жүрген. 2001 жылы осы ойын жүзеге асырып, «Кенел» шаруа қожалығын ашты. Алғашында ұлы Кемелдің ныспысын алған қожалық кейін «Кенел» деп аталып кетті. Ұлы Кемелді де ауылдастары «Кенел» деп атай бастады. Қазақ ұғымында «кенел» деген сөз «байлыққа кенел» дегенді білдірсе керек қой. Сөйтіп, бүгінде қожалықтың шаруасы шалқып тұр. Орекең жүрегіне ота жасатқалы қожалық қазір зайыбы Қамаризаданың атында. Ауыл іргесіндегі фазендада төрт жарым мыңнан аса гисар қойы мен елуден аса қыл құйрықтысы бар осынау кәсіп иелерінің бүгінгі тыныс-тіршілігін өздері құрылтайшы болып жүрген «Құлан-Дән» несие серіктестігі мекемесінің қызметкері Абдулхамитпен бірге аралап көрдік. Әдетте қай қожалыққа барсаңыз да «малшымыз тұрақтамайды» деген келеңсіз уәждер естіп үйренген біз қожалық жетекшісі Қамаризада Қырықбайқызының шопандары мен жылқышылары туралы жылы лебізін естіп, бір марқайып қалдық. Осындағы малшыларға Асхат Ахметов деген азамат сегіз жылдан бері бас-көз болып, қойдың өрісін, қойшының қонысын тауып беріп жүрген жайы бар екен. Ол: «Қожалықта төрт мыңнан аса гисар қойы бар десек, соның мың басы қазір бордақылау алаңында семіртілуде. Төрт жүз еркек тоқты мен екі жүз саулық қазіргі заман талабына сай салынған кешенге қойылған. Оларға мың тонна көкпеңбек жоңышқа түктеліп, 70 тонна жем әзірленді. Қалған малдың барлығы өрісте. Осыншама малға аға шопандар Жанат Қалменов және әкелі-балалы Бақтыбек пен оның ұлы Дулат Жұмашевтер бас болып жүр. Қожалық басшысы ай сайын әрқайсысымызға екі жүз мың теңге көлемінде айлық жалақы, науқандық жұмыс қорытындысы бойынша бір-бір жылқы, азық-түлігімізді беріп тұрады. Әр малшының өз баспанасы бар. Мәселен, маған ауыл орталығынан зәулім шатырлы тұрғын үй салып берді. Осының барлығы қожалық басшысы Қамаризада мен оның жұбайы Орынбай ағаның қамқорлығы дер едім», – дейді аға шопан Асхат Ахметов риза пейілмен. Иә, қожалықтың өркендеуіне Бекназаровтар әулетінің қалада тұратын ұлы Жамбыл мен ауылдағы ұлы Кенелдің қосып жүрген үлесі зор деу керек. Ерлі-зайыпты кәсіп иелерінің кіндігінен тараған үш ұл мен үш қыздың бәрі жоғары білімді мамандар, үйлі-жайлы. Міне, таңқурай өсіріп, сол жемісті өсіруден өздеріне бизнес жасап алған Бекназаровтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай. Орекең де, Қамаризада да өздерінің қолдарын ұзартып, кәсібінен мол нәсіп табуға себі тиген таңқурай өсіруді олар бүгінде негізгі табыс көзі деп санайды.

Сейсен ҚОЖЕКЕ, журналист, Т.Рысқұлов ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар