Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Ауғанның асуында от кешкендер»

«Ауғанның асуында от кешкендер»
ашық дереккөз
«Ауғанның асуында от кешкендер»
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай жас ұрпақты ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқырмандардың өрелік қабілеттерін кеңейту мақсатында «Даңқ» залында «Жамбыл облысының интернационалист-жауынгерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің ардагерлеріне «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында құрмет кешін ұйымдастырды. Кешті «Жас ұлан» ұлттық ұйымының белсенді мүшелері – №7 мектеп-гимназияның «Жарқын жұлдыздар» хор тобы «Атамекен» әнімен ашса, №13 орта мектептің триосы «Отаным» әнін, №11 орта мектептің 11-сынып оқушысы Диас Арапбаев «Афганец» әнін орындады. №49, №32 мектептің оқырмандары, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің 1-курс білімгерлері соғыс туралы арнау өлеңдер мен монолог оқыды. №32 орта мектептің 8-сынып оқырмандары «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» атты көрініс қойып, сұрапыл соғыстың бейнесін көрсетті. Кеш қонақтары Отан алдындағы борышын адал атқарған, бұл соғысты өз көздерімен көрген, куә болған «Жамбыл облысының интернационалист-жауынгерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керім Ізбасаров пен оның орынбасары Марат Тортбаев Ауған соғысы туралы кең мағлұмат беріп, бастарынан өткізген оқиғаларын бөлісіп, баяндап берді. Кітапхана оқырмандары «Журавли» әніне көрініс көрсетіп, «Веснушки» ансамблі ұлттық әндердің попурриін орындады. Сондай-ақ кеш барысында бейнеслайдтар, фотоестеліктер көрсетіліп, арнайы ұйымдастырылған «Ауғанның отты жылдары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Бақыткүл АУҒАНБАЕВА, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

«Ұшталған қалам»
Алдыңғы мақала
«Ұшталған қалам»

Ұқсас жаңалықтар