Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖаңаЖолда Жаңарған Тіршілік көп

ЖаңаЖолда Жаңарған Тіршілік көп
Ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шу ауданы, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Дархан Әліпбаев баспасөз мәслихатын өткізді. Дархан Бұхарбайұлы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Баяндамашының айтуынша, өткен жылы аймақта жүйелі жұмыстар атқарылып, әр сала бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілген. Айтуынша, ауылдық округте 2 933 тұрғын бар. Қазіргі таңда округті дамыту мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын айтқан Дархан Бұхарбайұлы білім, жастар саясаты саласына айрықша тоқталды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына газ кіргізу және кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– Бүгінгі күнге дейін 410 абонент мердігермен келісімшартқа отырып, газдандыру жүйесіне қосылған.Сонымен қатар ауылда 254 шаруа қожалық тіркелген, оның 15-і малшаруашылығымен, 239-ы егіншаруашылығымен айналысады.

Ауылдық округтің жалпы жер көлемі – 24669,4 гектар. Округ тұрғындарының және шаруа қожалықтардың жекеменшігіндегі мал басы түгелдей есепке алынып, жылдың басында мүйізді ірі қара – 4 376, қой мен ешкі – 21 700, жылқы 895-ті құрады.

Сондай-ақ өткен жылы шаруа қожалықтармен бірлесе отырып ауылшаруашылық техникалары алынды. Ағын суды пайдалану мәселесі де өзекті болып келді. Округ бойынша шаруа қожалықтардың егістік жерлеріне ағын су 5 тоған арқылы жеткізілді.

Су пайдаланушылармен жиындар өткізіліп, ағын суды пайдалану кезінде туындайтын мәселелер жөнінде алдын ала келісімдер жасалды. Есепті кезеңде ағын су жеткілікті мөлшерде беріліп, судың ысырап болуына жол бермеу мақсатында су пайдалануға қатаң бақылау қойылды, – деді округ әкімі.

Баяндама барысында Дархан Бұхарбайұлы, 2023 жылы көпбалалы, аз қамтылған 13 (71 адам) отбасына 4 593 985 теңге атаулы әлеуметтік көмек төленгенін, 216 мұқтаж азаматқа демеушілер есебінен 2 168 000 теңгеге қолдау көрсетілгенін жеткізді.

Сондай-ақ «Жомарт түлек» жобасы аясында мектеп түлектерінің демеушілігімен Б. Момышұлы атындағы орта мектепке 260 000 теңгеге жиын өткізуге арналған үстел, магнитті тақта және 400 000 теңгеге кедергілер алабы тарту етілгенін атап өтті. Брифинг соңында ол алдағы жоспарлармен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Шапағат Әбдір

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар