Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқуға құштар мектеп

Оқуға құштар мектеп
Ашық дереккөз
Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірмейтін білім бұлағының көзі. Қазіргі кітапханалар тек қана кітаптар емес, газет-журналдар, СD-дискілер, электрондық оқулықтармен толықтырылған. Заман ағымына ілесе отырып, кітапхана да заманауи оқырмандардың қалауы мен талабын орындауда.

 Кітап оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алған болатын. Бұл жоба оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған.

Осыған орай Қордай ауданының Масаншы ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің кітапханасын қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатындағы республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы 2020 жылдың 3 желтоқсанынан өз жұмысын бастады. Кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбында аймақтық «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға 9 «В» сынып оқушылары мен ата-аналар, кітапханашылар қатысты. Онда оқушылар мен ата-аналар және кітапханашылар арасында қызықты пікірталас болып, түрлі сұрақтар талқыланды. «Дөңгелек үстел» барысында «Action Research» практикалық зерттеу әдісі қолданылды.

Бұл жерде оқырмандардың қандай кітаптар оқығысы келетінін білу мақсатында анкеталық сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында оқырмандардың тең жартысы қазақ ақын-жазушыларының әңгімелері мен классикалық повестерін оқуды қаласа, кей оқырмандары фантастика, шетел әдебиетін және поэзия жанрын оқуды дұрыс көреді екен. «Action Research» – іс-тәжірибеде кездескен қиындықтарды жою және оны одан әрі жетілдіру мақсатында жүргізілетін зерттеу әдісінің бір түрі.

Бұл жоба теориялық білімге сүйене отырып, практикалық түрде зерттеуді қажет етеді. Бұдан бөлек «дөңгелек үстел» барысында «Бұлтты сөздер» әдісі қолданылып, бұл әдіс те қатысушылардың ойынан шықты. Шашыраған сөздерден сөйлемді дұрыс құрастырып, дұрыс шыққан сөйлемге мысал келтірді. Бұл әдістің мақсаты – қатысушылардың визуальді ойлау қабілеттерін дамыту. Қойылған мақсатқа сай «Оқуға құштар оқырмандарым» тақырыбында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жасалған іс-шараларымыздың бейнежазбасы «Canva» платформасын пайдалану арқылы көрсетілді. Жоба аясында бұдан басқа да көптеген іс-шара ұйымдастырылуда.

Анархан СОСПАКОВА, Әл-Фараби атындағы

орта мектептің кітапхана меңгерушісі,

Масаншы ауылы, Қордай ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар