Майқайыңдағы апат болған жерге көріпкел барған
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті өздерінің Майқайың кенішіне көріпкелдің келуіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады Arainfo.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұған департаменттің еш қатысы жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдары көріпкелдің келуіне кедергі болмады. Ол қауіпсіз жерде болды. Құтқарушылардың жұмысына кедіргі келтірген жоқ. Көріпкел ол жерге жақындамады», – деді департамент өкілдері.Еске салайық, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024