Жаңалықтар
Былтыр оңтүстіктен солтүстікке 9 мыңға жуық адам қоныс аударған
- author AR-AY
- 25 қаңтар, 2024
- 158
Былтыр оңтүстіктен солтүстікке 9 мыңға жуық адам қоныс аударған
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы өңірлеріне 8 903 адам өз еркімен қоныс аударған. Оның ішінде қоныс аударушылар 6 492 және қандастар 2 337 адамды қамтыды. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ұлттық жоба аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:
- көшуге арналған субсидия – отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек;
- отбасы мүшелерінің саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу;
- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
- экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.
Келесі мақала