Жаңалықтар
«Кішкентай сәбиге қарағанда әбден жыладым». 10 жылдан бері балалы бола алмай жүрген «Елдос Колобокқа» оқырмандары тілектерін жаудырды
- author AR-AY
- 25 қаңтар, 2024
- 177
«Кішкентай сәбиге қарағанда әбден жыладым». 10 жылдан бері балалы бола алмай жүрген «Елдос Колобокқа» оқырмандары тілектерін жаудырды
Блогер өзінің 32 жасы мен жұбайының 30 жасына араласатын жұлдызды достарын шақырған. Бас-аяғы тойға 350 қонақ жиналған, деп хабарлады Arainfo.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодан Елдос пен жұбайының мейрамхана ортасына шар толы велосипед мініп, ерекше стильмен шыққанын көруге болады.
«Серік Ибрагимов бауырым үйленген кезіміздегі әнді айтып, жастық шақты еске түсірді. Аналарымыз келіп, бір марқайып қалдық. Сүйікті әншіміз Мирас Жүгінісов арнайы келіп ән шырқады. Тосынсыйымыз да көп болды. Достарымызға түрлі номинациялар бердік. Келесі туған күнімізді үшеу болып тойлау бұйырсын», – дейді блогер.Былтыр Елдос шаңырақ көтергеніне 10 жыл болса да, балалы бола алмай жүргенін айтқан. Ол дәрігерлер бедеуліктің белгілері бар деп диагноз қойды деп жанкүйерлерін қорқытып қойған. Дегенмен, туған күнінде көрсеткен клипінде ол қуанышты жаңалықты көрсеткендей болған.