Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елдің сүйген батыры

Елдің сүйген батыры
ашық дереккөз
Елдің сүйген батыры
Қазағымның әйдік ұлы әйгілі, Күңіренсе батырлардай байрағы. Болып өткен Момышұлы Бауыржан – Алашымның алдаспаны, айбыны. Оны Құдай жаратыпты ұлы қып, Ұлты үшін еңбек ету – ұлылық. Ал Бауыржан еңбек етті, «Ел дегенде еміреніп, Жұрт дегенде жүгініп». Алдында ол таза болды арының, Құрметіне бөленді елдің бәрінің. Ашуланса төбесінде ойнады, Найзағай боп жауының. Елім десе, жүрегінде от жанды, Жерім десе, ел сөзіне тоқталды. Бауыржандай атамыздың өзі де, Қазағымның мылтығы ғой оқтаулы... Оны өсірді өр рух пен өр намыс, Күндей кейде күркіреген зор дауыс. Ердің ері, міне, осындай Бауыржан! Батырлардың ішіндегі ол – жолбарыс. Оққа қарсы шауыпты ол тосылмай, Жауды көрсе жарқылдапты жасындай. Елім деген еңіреген ер еді ол, Жүрегі аттың басындай... О, Бауыржан – елдің сүйген батыры, Батырлыққа бойында сай ақылы. Оныменен былай тұрсын соғысу, Сөйлеуге де жанның бармас батылы. Міне, сондай бойында бар батырлық, Атамыздың мақтан қылды атын жұрт. Айдаһардың аузына қол салатын, Сенде ғана болды сондай батылдық. Ол кеткенде елі жоқтап жылады, Ол кетпеді, тауы елдің құлады… «Ұшқан ұя» шығармасын қалдырды, Оны ұшырған ұясы еді Жуалы. Ел дегенде көңілі мен жүрегі ақ, Отан десе, екіленбей мінеді ат. Бұл қазақта Бауыржан көп болғанмен, Момышұлы біреу-ақ!

Инабат ТҮЛЕБАЕВА, Н.Киікбаев атындағы мектеп- гимназияның 9-сынып оқушысы

Байзақ ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар