Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қала құбыжығы

Қала құбыжығы
ашық дереккөз
Қала құбыжығы
Ертеде Ну атты кент болыпты. Бұл қалашықтың ерекшелігі – қаланың тылсым күшімен адамдарға кеңес беретін көмекшілер қиын сәттерде пайда болып, ақыл береді екен. Көмекшілер көбіне жай жарық секілді болып келеді. Бірде Нуға жаңадан тұрғындар көшіп келеді. Жаңа отбасында әкесі, анасы, кішкентай Саржан деген баласы бар. Саржан ата-анасы үйді жаңарту мәселесін шешкенше далаға шығып, қала тұрғындарымен танысқысы келеді. Көшеде келе жатса, сонау бір жерде ойнап жүрген балалардың добы өзенге түсіп кеткенін байқайды. Бірақ балалардың ешқайсысы жүзе алмайтын болып шығады. Ал Саржан жақсы жүзетін. Ол көп ойланбастан киімін шешіп, лезде суға сүңгіп кетіп, допты судан алып шықты. Допты иелеріне беріп, қоштасты. Енді Саржанның достары бар. Ары қарай кетіп бара жатып бақшаға кіріп кетеді. Бақшаны аралап жүрсе, бір әженің себетіндегі алмалар шашылып қалыпты. Бұл сәтте де Саржан бірден көмекке келді. Әже Саржанға алғысын айтып, алмасын ұсынады. Бір күн ішінде шағын қаламен осылайша танысып шығады. Қызығы, сол шаһарда ешкім тіл табыспайтын бір жан бар екен. Саржанға жергілікті тұрғындар ол адам туралы: «Құбыжық өте нашар, жаман, үйі үңгірдей, ал өзі өте қорқынышты» деп сипаттап береді. Саржан елдің сөзіне толық сене қойған жоқ. Бір күні түнде Саржанның ата-анасы ауырып, қызуы көтеріледі. Дәрігерлер болса, «бұл – ең жаман ауру. Осы аурумен ауырғандар көп. Әрине, дәріні таптық. Бірақ тек бір шөп қана жетіспейді. Тапсаң, анаңды емдей аламыз» деп қорқытады. Таң атысымен Саржан әлгі қаланы шарқ ұрып, ондағы тұрғындардан дәрігер айтқан емдік шөпті сұрастыра бастайды. Сонда бақта Саржанға көмегі үшін алма берген әже мән-жайды сұрастырып, ол шөптің Ниетжанда, яғни ел-жұрт «Құбыжық» деп атап кеткен кісіде екенін айтады. Саржан көршісі Ниетжанға барып, іздегенін сұрап алуға тырысты. Көршісі бермек түгіл, мүлдем есігін ашпады. Не істерін білмеген Саржан үйіне қайтып келіп, ата-анасына көмектесе алмағанын ойлап, уайымдап жатып қалғып кетеді. Түсінде ерекше бір жанған шырақты көреді. Ол жарыққа тіл бітіп: «Саржан, Ниетжан жаман адам емес. Ол тек жалғыздықта өмір сүреді. Тура сен сияқты ата-анасы ауырған еді. Құтқара алған жоқ. Бала кезінен бәліштер мен кітаптарды жақсы көрген. Осы заттарды берсең, бәлкім, көмектесер. Тек мақсатыңнан қайтпа», деп жатқан кезде шырт ұйқыдағы Саржан оянып кетеді. Бала лезде көрші апаға барып, кітап пен бәліштер беруін сұрайды. Қолы жомарт қария баланың меселін қайтармай, кітап пен жаңа пісірілген бәлішін береді. Саржан әжеге алғысын айтып, Ниетжанның үйіне қарай жүгіре жөнеледі. Cаржан көршісіне келіп, есігін қағады. Іштен «Кім бұл?» деген дауыс шықты. – Мен, жаңа көршіңіз Саржанмын! – Саржан болсаң қайтейін. Қайта-қайта келе бересің бе? Бар, тез кет! – дейді. Саржан да айтқанынан қайтпайтын пысық бала емес пе?! – Мен сізге бәліш пен кітап әкелдім, – дегенде есік ашылды. Есіктің ар жағында отыздар шамасындағы аға тұр екен. Саржан сыйлықтарын үстел үстіне қойып, бірден өз жөнін айтты. Сонда Ниетжан шөпті алып, балаға берді. Саржан алғысын айтып, дәрігерге шөпті ұсынды. Одан дәрі жасалып, Саржанның ата-анасы жазылып кетті. Қала халқы Ниетжанның жақсы ниетіне риза болып, Құбыжық деп атамайтын болды. Және ол қаладағылардың бәрімен достасып, дәрігердің көмекшісі болды. «Адамдарға қайырымдылық танытсаң, жақсылық та өзіңе қайтып келеді» деген қанатты сөз осыдан қалған секілді. [gallery ids="23163"]

Жанель ШАЙМАХАН, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы, Тараз қаласы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар