Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қордай ауылында құрылыс қарқынды

Қордай ауылында құрылыс қарқынды
ашық дереккөз
Қордай ауылында құрылыс қарқынды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қордай ауданы, Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Бүгінгі таңда құрылыс саласында 2 миллиард 768 миллион теңгеге инвестиция тартылып, 21 жоба аясында 165 жұмыс орны іске қосылған. Ауылшаруашылығы бағытында 4 жоба 690,7 миллион теңгеге іске асырылып, 30 жұмыс орны ашылыпты. Ауылдық округ әкімінің айтуынша, өткен жылы кезекте тұрған азаматтарға 5 қабатты 60 пәтерлі 3 үй, 4 қабатты 40 пәтерден тұратын 1 үй және 18 жер үй қолданысқа берілген. Сондай-ақ 5 қабатты 60 пәтерлі және 60 жер үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді 2024 жылы кезекте тұрған азаматтарға беру жоспарланып отыр екен. Айта кетейік, соңғы жылдары Қордай ауылында құрылыс саласы ерекше қарқын алған. Өткен жылы халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық мемлекеттік мұрағаттың жаңа ғимараты қолданысқа берілсе, биыл аудандық полиция бөлімшесі мен 2 автомобильге арналған жаңа өрт сөндіру депосының ғимараты пайдалануға беріледі. Аудан орталығында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 900 орындық мектептің құрылысы басталады. Әділет Меделбекұлы мұнан соң оуылдық округтегі жолдың жайын да баяндады. – Ауыл ішіндегі жолдардың жалпы ұзындығы – 121 шақырым, республикалық маңызы бар жолдар 22 шақырымды және аудандық маңызы бар жолдар 2,5 шақырымды құрайды. Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 19 көшенің 7,2 шақырым жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауылдық округтегі көшелердің 2 600 шаршы метріне шұңқырларды жабу жұмыстары жасалды. Бүгінде ауылдық округте жөндеуді қажет ететін ауылішілік жолдар шамамен 25 шақырымды құрайды. Биыл 11 көшенің 12 шақырым жолын жөндеу жоспарланып, бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды, – деді Ә.Қаспақбаев. Брифингте жарықтандыру, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары, ауызсумен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер беру туралы да айтылды.

Айжан Өзбекова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар