Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Емтихан қабылдау функциясы

Емтихан қабылдау функциясы
ашық дереккөз
Емтихан қабылдау функциясы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 10 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 қызмет түрін көрсетеді. Атап өтер болсақ, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару; қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу; жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру; өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясы мүшелерінің білімін тексеру. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 79-бабының 8-тармағына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады. Тест сұрақтарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері әзірлейді. Тест сұрақтарының саны жүз сұрақты құрайды. Бір тест сұрағына жауап нұсқаларының саны төртеу болады, оның біреуі дұрыс жауап. Тестілеу уақыты 120 минуттан аспайды. Емтихан қабылдау функциясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы №1100 өзгерістер енгізу туралы бұйрығының 5-тармағына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызметке жатады. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері осы қағидаларға сәйкес көрсетеді.

Заңғар НҰРҒАЛИ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар