Жамбыл жаңалықтары
ҚАЖ қызметкерлері шетел азаматын көші-қон қызметі басқармасына тапсырды
- author AR-AY
- 27 қыркүйек, 2022
- 192
ҚАЖ қызметкерлері шетел азаматын көші-қон қызметі басқармасына тапсырды
№26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында шетел азаматтары да бар. Олардың басым бөлігі ел шекарасын заңсыз кесіп өткендігі үшін бас бостандығынан айырылған.
Сондай жазасын өтеушінің бірі - Ауғанстан мемлекетінің 33 жастағы азаматы. Навид есімді еразамат ҚР ҚК-нің 392 бабының 1 бөлігіне сай
Қордай аудандық сотының үкімімен 6 ай мерзімге темір торға тоғытылды. Оған жаза өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жыл мерзімге депортация белгіленген.
Осыған байланысты, бүгін мекеме қызметкерлері оны облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына тапсырды.