Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫ ТУРАЛЫ  НЕ БІЛЕМІЗ?
ашық дереккөз
ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Папиллома вирусы – дененің әртүрлі бөліктерінің терісіне немесе шырышты қабаттарына әсер ететін вирустар тобы. Инфекцияның көптеген түрлері қауіпті бола бермейді. Дегенмен АПВ вирусы жыныс мүшелерінің сүйелдерін, жатыр мойны обырын және басқа ауруларды тудыруы мүмкін. Жатыр мойны обыры – дамушы елдердегі әйелдер арасындағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі. Қазақстанда әйелдердегі онкопатология құрылымында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Жыл сайын бұл аурудың 1 800-ге жуық жаңа жағдайы және 600-ге жуық өлім тіркеледі. Облыс бойынша статистикалық деректерге назар аударсақ, өткен жылы жатыр мойны обыры диагнозымен алғаш рет 99 әйел есепке алынған, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық 6,7 пайызды құрайды. Облыстың 19 тұрғыны жатыр мойны обырынан қайтыс болған. Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің АПВ жұқпасына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда оның алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация. Жатыр мойны обырының барлық дерлік жағдайлары жыныстық жолмен берілетін АПВ-дан туындайды. Вирустың екі түрі (16 және 18) 70 пайыз жатыр мойны обырын тудырады. Жатыр мойны обыры АПВ бастапқы инфекциясынан кейін көптеген жылдар бойы дамиды. Сондай-ақ аурудың белгілері кеш басталып, емдеу қиындық тудыруы мүмкін. Жатыр мойны обырының алдын алу үшін осы кеселдің дамуына әкелуі мүмкін ерте өзгерістерді анықтау қажет. Ол үшін 30-70 жас аралығындағы әйелдер АПВ екпесін алуы, темекі шекпеуі және жатыр мойны обырына қатысты скринингтен өтуі керек. Скринингке тіпті вакцинацияланған әйелдер де кіруі керек, өйткені вакцина жатыр мойны обырын тудыратын АПВ-ның барлық түрлерінен қорғамайды. АПВ вакциналары – жоғары қауіпті АПВ штамдарын жұқтыру қаупін азайтудың қауіпсіз және тиімді әдісі.

Эльмира Байназарова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

ҚЫЗЫЛША – ҚАУІПТІ АУРУ
Алдыңғы мақала
ҚЫЗЫЛША – ҚАУІПТІ АУРУ

Ұқсас жаңалықтар