НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Жаңа туған нәресте туабітті бас миының грыжасымен дүниеге келген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мамандары перинатальді орталық базасында шұғыл арада операция жасады.
Себебі бұл уақытта күту мүмкін емес еді. Өйткені нәрестеде ликворея (ми жұлын сұйықтығының ағуы) байқалған. Мұндай уақытта бала шетінеп кетуі мүмкін.
Мұқият тексеруден және консилиумнан кейін балалар нейрохирургі Саят Жұмабаев, анестезиолог Мұрат Рүстемов және операциялық медбике Гүлзира Қабылбекова күрделі операция жасаған. Хирургиялық емдеу барысында тіндермен пластмасса жасау арқылы ірің шығарылып және сүйек ақауы жойылған.
Бақылау зерттеулері операцияның сәтті өткенін көрсетті, алаңдаушылық белгілері жойылып, баланың өміріне қауіп төніп тұрмағандығы анықталды. Дегенмен нәресте әлі де қосымша медициналық бақылауды қажет етеді.
Саят Асылбекұлы атап өткендей, туабітті бассүйек-ми грыжалары – бассүйек пен мидың дамуындағы ақау. Яғни миы мен оның қабықшалары бассүйектің туабітті ақауы арқылы шығыңқы болады. Туабітті бас миының жарықтары – ми мен бассүйектің сирек кездесетін ақауларының бірі.
Облыста соңғы рет осындай патологиясы бар науқасқа екі жыл бұрын ота жасалған. Сарапшылар бассүйек-ми грыжаларының пайда болуын эмбриональді кезеңнің алғашқы кезеңдерінде бассүйек пен ми дамуының бұзылуымен байланыстырады. Мұндай жағдайда ми тақтасы салынып, түтігі жабылады.
Эльмира Байназарова
Келесі мақала
ҚЫЗЫЛША – ҚАУІПТІ АУРУ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024