Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БИЫЛ ҚҰРБАН ШАЛУ ОФЛАЙН ЖӘНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

БИЫЛ ҚҰРБАН ШАЛУ ОФЛАЙН ЖӘНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
ашық дереккөз
БИЫЛ ҚҰРБАН ШАЛУ ОФЛАЙН ЖӘНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, Құрбан айт мерекесінің артықшылықтары жайлы айтып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Облыстың бас имамы жамағатты «Құрбан-2022» қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырып, халыққа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асатынын тілге тиек етті. – Биыл арапа – 8 шілде, ал 9 шілде айттың бірінші күні. Айт намазы Тараз қаласы бойынша 6:30-да оқылады. Бұл жылы құрбандық шалу дәстүрлі түрде мешітке келіп шалу арқылы жүзеге аспақ. Осы мақсатта Таразда 2 қасапхана мен бірнеше қасапшылар жұмыс істейді. Аллаға шүкір пандемия сынды сынақты күндер артта қалды. Сондықтан бұл жылы тікелей қасапхана арқылы құрбандық шалуға басымдық беріледі. qurban2022.kz сайты да жұмыс істеп тұр. Ал етті мұқтаж отбасылар тіркелу арқылы ала алады. Етті тарату үшін мешіттерден құрылған еріктілер тобы көмек көрсетпек. Мешітте айт намазынан соң дәстүрлі киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар (қошқар палуан, арқан тартыс, қол күрес, ләңгі және тағы да басқа) ойнатылады. Ақ дастарқан жайылып, үлкен дәрежеде атап өтпекпіз. Ал айттың 2-3 күндері әйелдер жамағатына арналған мерекелік шаралар өтеді. Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анаға, Құдай қосқан жарымызға, бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім әперу мейрамның сәнін келтіріп, мәнін арттырады, – деді Бейбіт Мырзагелдиев.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар