Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жеткіншектер Электрондық темекіге неге әуес?

Жеткіншектер Электрондық темекіге неге әуес?
ашық дереккөз
Жеткіншектер Электрондық темекіге неге әуес?
Қазіргі таңда елімізде жастардың ортасында электрондық темекінің көптеп таратылып кетуі өзекті мәселелердің бірі және ол жастардың өз денсаулығын өзі құртуына себеп болып отыр. Электрондық темекінің зиянды жақтары жетіп артылады. Мысалы, өкпенің қабынуы мен солуына және организмнің жұмыс істеуіне түтіннің орасан зияны тиеді. Бұл шылым түрін көптеген адамның өмірін жалмаған зиянды зат деп те айтсақ болады. Күнделікті өмірде көріп жүргендей, мектепте оқитын оқушылардың қолдарынан осы затты жиі байқайтын болдық. Бұл электрондық шылымның ішіндегі никотин темекіге қарағанда екі есе көбірек деп те айтылып жүр. Жастардың осы зиянды затқа деген қызығушылығы күннен-күнге артуда. Егер оны сатуға шектеу қойса, біраз нәрсенің өзгеруіне себепші болар еді. Еліміздің ертеңі жастардың электрондық шылым шегуін тоқтатсақ, болашағымызға жасаған жақсы әрекетіміз болар еді деген ойдамын. Әрқашан осындай зиянды әрекеттерден аулақ болғанымыз абзал. Денсаулық қашанда бірінші орында болуы тиіс. Мерейхан МЫРЗАҒАЛИ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 1-курс студенті
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

АРМАНЫНА ЖЕТКЕН ӘНЕЛ
Алдыңғы мақала
АРМАНЫНА ЖЕТКЕН ӘНЕЛ

Ұқсас жаңалықтар