Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ғашықтармыз

Ғашықтармыз
ашық дереккөз
Ғашықтармыз
Ромео мен Джульеттадай, Ғашықтармыз ұлы біз, Ортақ сыр да, ортақ еді біздің тіпті жырымыз. Қырсығып та қаламыз-ау, ойланбай-ақ кей күні. Әсте бұрыс, Махаббатты бұрмалау ғой мұнымыз. Біздер әлде, Болайық та Қозы менен Баяндай, Сезімдердің әз жолында күресейік аянбай. Бұл ғұмырдың тым асығыс жолында, Ғашық болып қалғандаймыз, махаббатта аялдай. Бәрін қойшы, Тоқтап бір сәт, Болшы менің Мәжнүнім, Ләйлі болсам, Махаббатқа бөленеді әз күнің. Мына сенің келбетіңнен шабыт алып жүрегім, Сыйлар еді жыр жаһанның Сырға толы жаз гүлін. (Ғашық жанбыз толы сезім, махаббатта саз бүгін). Анар МҰРАТБЕКҚЫЗЫ, студент, Тараз қаласы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар