Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ӘУЛИЕАТА» КІТАП ФЕСТИВАЛІ ОҚЫРМАНДЫ ҚУАНТТЫ

«ӘУЛИЕАТА» КІТАП ФЕСТИВАЛІ ОҚЫРМАНДЫ ҚУАНТТЫ
ашық дереккөз
«ӘУЛИЕАТА» КІТАП ФЕСТИВАЛІ ОҚЫРМАНДЫ ҚУАНТТЫ
Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әулиеата» кітап фестивалі өтті. Іс-шараны облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай құттықтау сөзімен ашып, кітапсүйер қауым үшін ұйымдастырылған мерекенің маңызына тоқталды. – Жалпы осындай іс-шараларды өткізу білімді және оқитын ұрпақ тәрбиелеуде, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда өз септігін тигізеді деп сенемін. Бүгінгі фестивальға Алматы, Тараз қалаларының кітап баспалары мен кітап дүкендері қатысып, өз өнімдерін ұсынуда. Ендеше біздің рухымызды сақтап, руханиятымызды толықтыратын кітап фестивалін ашық деп жариялап, баршаларыңызға кітап оқуды насихаттау жолындағы еңбектеріңізге зор табыс тілеймін, – деді Ерлан Нұрманұлы. Фестиваль барысында Алматы қаласынан келген «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының «Отбасы» баспасы, «Qasym» баспа үйі, «Qazbilim GROUP» компаниясының «Qazbilim» баспасы, «Khan comics» баспасы, «Ziyat», «Marfu Shop» дүкендері мен Тараз қаласындағы «Kitap all» және «Шерхан Мұртаза» кітап дүкендері өздері басып шығарған және дүкендеріндегі кітаптарын Жамбыл өңірінің жұртшылығына ұсынды. Фестивальға қонақ ретінде жергілікті зиялы қауым өкілдері, белгілі ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдері, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары, студенттері, мектеп ұстаздары мен өңір тұрғындары шақырылды. Іс-шара қонақтары мен Тараз қаласының тұрғындары концерттік бағдарламаны тамашалап, жергілікті ақындардың жырларымен сусындап, ұнаған кітаптарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының орындауындағы қазақ әндері фестиваль қонақтары мен қатысушыларына тамаша көңіл күй сыйлайды. Көңіл бұлағын біліммен сусындатып, кітапты досына айналдырған әулиеаталықтар үшін рухани мәні терең іс-шараның дәстүрлі түрде өтіп тұруы зор қуаныш екендігі сөзсіз. Ғалия АБЫЛАЙ, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар