Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ
ашық дереккөз
Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ
«Жамбыл облысының Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасын және «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылыққа төзбеушілік бойынша облыс жұртшылығымен кездесулер ұйымдастырды. Отбасындағы зорлық-зомбылық жоқ! Осындай ұран сөздермен облыстық мобильді топ мүшелері Байзақ және Меркі аудандарына барып, жергілікті тұрғындарға түсіндіру мақсатында біраз ақпарат берді. Мобильді топ құрамында Жамбыл облысы полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханова, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыс әкімдігінің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Зәуре Тұрғынова бар. Байзақ және Меркі аудандарындағы кездесулерге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, яғни облыстық ардагерлер кеңесінің «Аналар алқасының» төрайымы Х.Оспанова, «Тараз қаласының өзбек орталығы» ҚБ төрағасы А.Зайнутдинов, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты. Облыстық әділет департаментінің өкілдері, «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ басшысы Жамал Қалыбекова және орталықтың психологтері кеңес беріп, халықтың сұрақтарына жауап берді. Облыстық ардагерлер кеңесінің аналар кеңесі Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен бірге Тараз қаласындағы дағдарыс орталығындағы аналармен кездесіп, оларға достық қолдау көрсетті. Ешқандай себеп зорлаушылар мен агрессорлардың әрекеттерін ақтай алмайды. Қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру үшін барлық күш-жігерді осы бағытқа жұмылдыру, зорлық-зомбылықтың кез келген түрімен күресудің жоғары стандарттарын жасау, сондай-ақ жастарды аға ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу жөніндегі отбасылық саясаттың ұлттық моделін әзірлеу қажет.

Елена БАЛЛО, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар