Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КАНАДАЛЫҚ маманның САНДЫРАҒЫ

КАНАДАЛЫҚ маманның САНДЫРАҒЫ
ашық дереккөз
КАНАДАЛЫҚ маманның САНДЫРАҒЫ
«Telegram»-да таралып жатқан видеода канадалық дәрігер Уильям Макис турбо обыр деп атаған жаңа аурудың жастардан анықталуына алаңдаушылық білдіріп, әлем халқына үндеу жолдайды. Дәрігердің айтуынша, аталған аурудан адам қысқа уақыт ішінде көз жұмады екен. Бұл – фейк. Біріншіден, «турбо обыр» деген термин медицинада қолданылмайды. Жалпы турбо қатерлі ісік туралы алғашқы фейктердің тарағанына бір жылдай болды. Канадалық дәрігер Чарльз Хоффе: «COVID-19-ға қарсы вакциналар иммундық жүйеге зиян келтіреді, салдарынан өтпелі қатерлі ісік пайда болады», – деп мәлімдеді. Мысал ретінде Чарльз өзінің 61 жастағы пациентін келтірген. Вакцинациядан кейін бір жыл өткен соң одан өкпе мен омыртқа қатерлі ісігі анықталған. Науқастың бұған дейін ісіктердің бар-жоғына тексерілген-тексерілмегені белгісіз. Британдық Колумбияның дәрігерлер мен хирургтар колледжі Хоффені жалған ақпарат таратты деп айыптады. Осылайша Хоффе жұмыстан шеттетілді. Хоффе ісін эпидемиолог Харви Риш жалғастырды. Йель Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология профессоры коронавирусқа қарсы екпе тез өршитін қатерлі ісікке серпін береді деп мәлімдеді. Дәрігерлер мәлімдемені ақылға қонымсыз деп тауып, дәлелдемелерді талап етті. Бірақ ештеңе табылмады. Риш бұған дейін COVID-19-ды гидроксихлорохинмен емдеуге болады деген. Жүргізілген зерттеулер бұл тұжырымды толығымен жоққа шығарды. Жақында турбо обыр идеясын канадалық радиолог Уильям Макис насихаттай бастады. Уильям Макистің жастар арасында турбо қатерлі ісік таралып жатқаны туралы ақпаратына АҚШ-тың онкологиялық хирургі Дэвид Горски назар аударады. Уэйн университеті Медицина мектебінің хирургия профессоры Макистің өзін онколог деп атағанына таңғалды. Ол радиолог, сондай-ақ медициналық лицензиясынан айырылған. Оның барлық мәлімдемелері ғылымға қарсы және дәлелсіз. Бүгінгі таңда қатерлі ісіктердің баяу дамитыны дәрігерлерге белгілі. Мысалы, сүт безі мен ішектегі қатерлі ісік жасушалары скрининг немесе қабылдау кезінде дәрігерлер байқамайынша 10 жыл бойы өседі. Заманауи технологиялардың арқасында дәрігерлер онкологиялық аурулар туралы көп ақпарат алуда. Қатерлі ісік ДНҚ-ны оқу болашақта ісіктерді ерте анықтауға мүмкіндік береді, яғни көптеген адамдардың өмірін ұзартады. Чарльз Хоффе, Харви Риш және Уильям Макис вакцинация қатерлі ісіктердің дамуына түрткі болатынын растайтын зерттеулерді бірге де, бөлек те жүргізбеген. Турбо қатерлі ісік – антиваксерлердің ойдан шығарғаны. Талғат Нұрханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар