Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КҮМІС ЖАЛАТЫЛҒАН ШЕҢБЕР 5G-ДЕН ҚОРҒАМАЙДЫ

КҮМІС ЖАЛАТЫЛҒАН ШЕҢБЕР 5G-ДЕН ҚОРҒАМАЙДЫ
ашық дереккөз
КҮМІС ЖАЛАТЫЛҒАН ШЕҢБЕР 5G-ДЕН ҚОРҒАМАЙДЫ
Әлеуметтік желілерде азаматтарға бастарына күміс жалатылған шеңбер тағып жүру ұсынылған бейнеролик таралуда. Күміс жалатылған шеңбер электромагниттік сәулеленуден, 5G толқындарынан қорғап, бас ауруын басады, тіпті тәбетті де жақсартады екен. Мұның бәрі – өтірік. Жарнамаланған шеңберлер – фольгадан жасалған баскиімдер секілді. Қастандық теориясын жақтаушылар мен радиофобиясы бар адамдар да мұндай баскиімдер электромагниттік толқындардан, ойларды оқудан, өзге ғаламшарлықтардың басып кіруінен сақтайды деп санайды. Шын мәнінде, фольгадан жасалған баскиімнің де, сым шеңберлердің де мұндай қасиеті жоқ. Неге екенін түсіндірейік. Күмістің өзі өздігінен электромагниттік толқындарды толығымен тоқтата алмайды. Оларды сіңіру үшін, мысалы, мыс қолданылады. Жұқа мыс фольгасымен жұмысына бөгде электромагниттік тербелістер кедергі келтіруі мүмкін сезімтал құрылғыларды қаптайды. Электромагниттік толқындарды сіңіруге қабілетті қазіргі заманғы материалдар да жоқ емес. Олардың ішінде екі өлшемді титан карбонитриді және ғалымдар жақында жасаған «Фарадей ұлпасы» бар. Электромагниттік толқындар қоршаған ортада нүктелік емес, барлық жерде таралатынын түсіну маңызды. Яғни маңдайдағы жұқа металл сым толқындардың әсерінен қорғамайды. Сонымен қатар адамдарға айналадағы орташа электромагниттік сәулеленуден қорғанудың қажеті жоқ. 5G желілерінің толқындары да, тұрмыстық техниканың электромагниттік сәулеленуі де адамдар үшін қауіпсіз. Оны ДДСҰ, иондаушы емес сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (ICNIRP) және Еуропарламенттің арнайы комиссиясы дәлелдеді. Күміс жалатылған сымның адамды электромагниттік сәулеленуден қорғап, ұйқыны, тәбетті және жалпы жағдайын жақсарта алатынына ғылыми дәлел жоқ. Мұның бәрі ойдан шығарылған және өзін-өзі сендіру болып табылады. Мұндай әсерлерді, мысалы, электромагниттік толқындарға аллергиясы бар деп санайтын адамдардан байқауға болады. Олардың өздері электр құралдарының жанында бас ауруы, бұлшықет ауыруы және қышу сияқты жағымсыз белгілерді сезінеміз дейді. Алайда соқыр рандомизацияланған зерттеулер мұның бәрі өзін-өзі сендіру және ноцебо әсері екенін дәлелдеді. Шындығында, электромагниттік сәулеленуге аллергия жоқ. Олай болса, сымнан жасалған шеңберді басқа тағып жүрудің қандай да бір оң әсері бар деп санауға негіз жоқ. Талғат Нұрханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар