2025 ЖЫЛЫ КОРОНАВИРУС ҚАЙТА ӨРШИ МЕ?
Әлеуметтік желіде «2025 жылдың 31 наурызынан бастап алдын ала жоспарланған COVID-19 пандемиясының жаңа түрі басталып, жер бетіндегі миллиард адам ауру жұқтырады» деген жалған ақпарат тарауда.
Бейнежазба авторы Ақ үй, Джонс Хопкинс университетінің және Дүниежүзілік банк порталдарына сүйенеді. Автор сайттардың скриншоттарын көрсете отырып, билік алдағы пандемия туралы біліп қана қоймай, оған дайындалып жатқанын айтады.
Ақ үйдің сайтында АҚШ-та пандемияға дайындық және оған ден қою саясаты басқармасы (OPPR) құрылып жатқаны туралы ақпарат бар. Бірақ аталған басқарма тек COVID-19-ға ғана қатысты емес. Басқарма полиомиелит, RSV респираторлық вирусы, құс және адам тұмауы, сондай-ақ пандемия тудыруы ықтимал басқа ауруларға қатысты әрекет етеді. OPPR медициналық құралдарды әзірлеуге, өндіруге және сатып алуға жауапты болады.
Джонс Хопкинс денсаулықты қорғау орталығының сайтында да жаңа пандемия туралы жазылмаған. Бейнероликте 2017 жылғы жарияланымға сілтеме берілген. Егер тақырыбын аударатын болсақ, оның 2025-2028 жылдарға арналған ойдан шығарылған сценарий екені белгілі болады. SPARS вирусы да ойдан шығарылған. Бұл нақты пандемия пайда болған кезде медициналық қызметкерлердің дағдыларын пысықтау үшін қажет.
Одан әрі роликте автор Дүниежүзілік банк сайтында жарияланған құжатты көрсетеді. Оны тез парақтай отырып, ол пайдаланушыға мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік бермейді. Бірақ манипуляция жасау үшін қажет күнді табады – 2025 жылғы 31 наурыз. Халықаралық қаржы ұйымының сайтындағы құжаттардың ешқайсысында жаңа пандемияға сілтемелер жоқ.
«Бұл – фейк. Дәлелдер мен ролик авторының мәлімдемелері шындыққа жанаспайды», деп қорытындылады «Stopfake.kz» порталы.
Талғат Нұрханов
Келесі мақала
КҮМІС ЖАЛАТЫЛҒАН ШЕҢБЕР 5G-ДЕН ҚОРҒАМАЙДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жуалы ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді
- авторAR-AY
- Бүгін, 14:52