Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ – өркениетке қадам

ПАРАСАТТЫ  ҚОҒАМ – өркениетке қадам
ашық дереккөз
ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ – өркениетке қадам
Облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Парасатты қоғам – мемлекет дамуының кепілі» атты форум өтті. Форумға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы және азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен студенттер қатысты. Форумда сөз сөйлегендер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстарға және келер жылдың бағыт-бағдарына тоқталды. Ал облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Байболат бұл форумның маңызына назар аударып, сала қызметкерлерін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнімен құттықтап, қоғам белсенділерін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар Ерлан Бейсенұлы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар – жастар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және басқа да азаматтарды кеңінен тарту керектігі айтылған», дей келе, бұл бағытта облыс әкімдігі тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Форум барысында «Адалдық сағаты» аясында әзірленген «Даңқты балуан – Жақсылық Үшкемпіров» тақырыбында бейнедәріс көрсетіліп, «Өзгеден емес, өзіңнен баста» атты театрландырылған көрініс қойылды. Сондай-ақ «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Қасымхан Төлендиев және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова қатысушыларға Әділетті Қазақстанды құру жолында адалдық қағидаларына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, форум қатысушыларын жемқорлыққа бірігіп қарсы тұруға және адал қоғам құру жұмысына үлес қосуға шақырды. Форум соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға елеулі үлес қосқан қоғам белсенділері марапатталып, белсенді жас, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының 2022-2023 жылдардағы лауреаты Азамат Намелбектің облыс жастарына үндеуімен қорытындыланды. Айта кету керек, 2003 жылы 9 желтоқсан күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы дәл осы күнді «Халықаралық жемқорлыққа қарсы күн» деп жариялап, дүниежүзі мемлекеттері осы күнді 2004 жылдан бастап атап өтуде. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар