Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАМБЫЛ ЕСКЕРТКІШІНІҢ Тарихы тереңде

ЖАМБЫЛ ЕСКЕРТКІШІНІҢ Тарихы тереңде
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛ ЕСКЕРТКІШІНІҢ Тарихы тереңде
6 желтоқсан күні Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығына қарасты «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің орнатылғанына 60 жыл толуына орай «Жамбыл ақын мен мүсінші Хакімжан Наурызбаев» атты ақпараттық-танымдық сағат өтті. Іс-шараға келген қонақтарды алдымен «Жамбылтану» бөлімінің көрме залдарымен әдіскер Гүлгаухар Құрманәліқызы таныстырды. Ал ақпараттық-танымдық сағат айтыскер ақын Есет Досалының ақын Жамбыл мен мүсінші Хакімжанға арнаған жыр шашуымен ашылды. Ақпараттық-танымдық сағатқа тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Дәурембеков, суретші Айдархан Сихаев, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Мұхтар Елгезеков, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының жетекші маманы Ақмарал Сәрсенбайқызы және Тараз гуманитарлық «Қайнар» техникалық колледжінің ұстазы Тоқжан Айтқұлова қатысты. Ал алғашқы сөзді алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы Жамбыл ақынның мүсіні дүниеге қалай келгенін айтып берді. Сондай-ақ ол Қостанай өңірінде сазбалшықтан адамдар мен жан-жануарлардың бейнелерін жасап жүрген баланы сол тұстағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов Алматыға алып келгенін, оның Ленинград, Харьков қалаларында оқып, білім алғанын, Жамбыл ескерткішімен дипломдық жұмысын қорғағанын жеткізді. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Дәурембеков Жамбыл бабаның ескерткішінің жөндеуден өтіп, облыстық әкімдік ғимаратының алдына қайта орналастырылған кездегі қиындықтар жөнінде әңгімеледі. 7 желтоқсан күні Ш.Мұраза атындағы руханият және тарихтану орталығы мен тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының басшылығы мен қызметкерлері Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын баба бейнесін жасаған белгілі мүсінші Хакімжан Наурызбаевты еске алып, оның мәңгі жасай беретін шеберлігін сөз етті. Ақмарал ІЛЕБАЕВА, «Жамбылтану» бөлімінің әдіскері
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар