Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде

Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде
ашық дереккөз
Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде
Биыл аймақта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 15,4 миллиард теңгеге 3 929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі­нің алаңында құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасаған облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков айтты. Баяндамашының айтуынша, жыл қорытындысымен 2 514 пәтерлі 45 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар халықтын әлеуметтік жағынан осал топтарын және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 2023 жылға 797 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 7,6 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар Данияр Абдыбеков жекеменшік инвестиция есебінен 594 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, мемлекеттік бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен жалпы 698,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін атап өтті. – 10 айдың қорытындысымен бюджет қаражаты есебінен 579 пәтерлі 10 тұрғын үйдің және жекеменшік инвестиция есебінен 474 пәтерлі 11 үйдің құрылысы аяқталды. Жалпы бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен 557,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,2 пайызға асыра орындалды. Сондай-ақ 2023 жылы жер кезегіндегі азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 14 жаңа алқапта 20 инженерлік инфрақұрылым жобасының құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,4 миллиард теңге қаражат бөлінді. Жыл қорытындысымен Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында 811 жер телімі, Жаңатас қаласының «Құрылысшы» алқабында 58 жер телімін үлестіру жоспарлануда, – деді Данияр Темірбекұлы. Сондай-ақ басқарма басшысы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Жоба басталғалы асарлатқан ағайынның көмегімен 338 мұқтаж отбасы баспаналы болыпты. Биыл тағы да 105 отбасы қоныстой тойлайды деп жоспарланып отыр. Шапағат Әбдір
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар