ЖАЛҒАН ЖЕЛЕУМЕН ЖҰРТТЫ АЛДАҒАНДАР
Елімізде қаржы пирамидаларының уақыт өткен сайын белең алып, жұрттың тірнектеп жиған ақшасын қалталарына басып тайып тұрғанын талай жаздық. Бар ақшасынан айырылып, аңырап қалған жандар қаншама. Жуырда елімізде қаржы алаяқтығымен айналысқан заңсыз ұйымдардың ұйымдастырушылары мен өкілдері ұсталып, олар бойынша тергеу амалдары басталды, кейбір істер сотқа жіберілді.
«Qnet»-ке қатысты күдіктілер ұсталды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды.
Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдар аралығында 44 миллион теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан.
Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды.
Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
«Chia Tai Tianging»-тің ісі сотқа өтті
Шымкенттің 200-ден астам тұрғыны «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасына 700 миллион теңге салған екен. Жуырда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті осы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
Шымкент қаласының тұрғыны өткен жылдың қарашасы мен осы жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамидасының қаладағы филиалын басқарғаны анықталды.
Ол 700 миллион теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді.
Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз.
Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін тараған ақпараттарға сүйенсек, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аяқтап, сотқа жіберді.
Олар өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен.
Бұл ретте «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген.
Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам, 523 миллион теңге сомасына, оның ішінде 490 миллион теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды.
Сондай-ақ, Астанадағы «Chia Tai Tianqing Pharmaceutical» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері аяқтады.
Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.
Салымшыларға ақшаны көптеген жобалар бойынша табыстылығы жоғары қызметке инвестициялау ұсынылды.
Тергеу барысында құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 миллион теңгені құрады.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.
«Telegram»-бот іске қосылды
Қаржылық мониторинг агенттігі «Telegram» мессенджерінде бот іске қосты. Бұл құрал арқылы қазақстандықтар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы бір-ақ пернені басу арқылы хабарлай алады. «AFM Insider» ресми боты бірнеше бөлімде хабарлама қалдыру мүмкіндігін береді.
Осыдан кейін сауалдың мәнін айтып, «Жіберу» түймесін басыңыз. Хабарлама аз уақытта қаралады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Бот сілтемесі: https://t.me/afm_insider_bot
Еске сала кетейік, бұған дейін «Telegram» мессенджерінде қазақстандықтарға азаматтарды қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға арналған бот ұсынылған болатын. Оған осы жылдың басынан бері 6 мыңға жуық хабарлама келіп түсті, оның 1 175 хабарламасы тек 2023 жылдың тамыз айында түскен.
Бот сілтемесі: https://t.me/BAIQApiramidaBOT
Қаржылық мониторинг агенттігі жосықсыз азаматтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алатын процестерді автоматтандыру арқылы экономикалық қылмыстармен белсенді күресті жалғастырады.
Жолданған хабарлама тек ақпарат сипатына ие және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз бола алмайды.
«Eolus» ұйымын ұйымдастырушылар тергелуде
Еліміздің 10 өңірінде «Eolus» компаниясының атымен қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық істер тергелуде.
Істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.
«Eolus» компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінінің дәлелі ретінде, ұйымдастырушылар «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өздерінің қылмыстық іс-әрекетіне тартқан.
Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5 пайызға дейін пайда алады.
Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10 пайыз мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4 пайызы төленеді. Осылайша сыйақы сомасы жылдық 3000 пайызды құрады.
Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдайды, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізеді. Соңында криптокошелек арқылы «energyeolus.top». платформасындағы өз шотына аударады.
Тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 миллион теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген.
Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз.
Егер сіз қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Жасұлан Сейілханов
Келесі мақала