Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бензин мен тариф қымбаттамайды: Үкімет мораторий енгізді

Бензин мен тариф қымбаттамайды: Үкімет мораторий енгізді
Автор
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, деп хабарлайды arainfo.kz

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс әсерін азайту бағытында кешенді шаралар қабылдауда. Осы мақсатта Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Бірінші. 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын көтеруге мораторий жарияланды. Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктеріне жанар-жағармай нарығын бақылау және ішкі сұранысты толық қамтамасыз ету тапсырылды.

Екінші. 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар үшін коммуналдық тарифтерді өсіруге тыйым салынады. Бұл шешім халықтың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталған. ТКШ нысандарындағы жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде жалғасады.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру көлемі екі есе арттырылады. Делдалдық және сауда үстемесін асыра қосу фактілерін анықтау бойынша өңірлік комиссиялар жұмысы күшейтіледі.

Үшінші. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жаңа Салық кодексіндегі шектеулер жеңілдетіледі. 2026 жылдан бастап микро және шағын бизнес үшін салықтық тексерулер мен айыппұлдар алынып тасталады. Бұл кәсіпкерлерге жұмысын жеңілдетіп, бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

Төртінші. Ипотекалық несиелеу қолжетімділігін арттыру үшін «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары аясында жеңілдетілген ипотека көлемі екі есе ұлғаяды. Сондай-ақ жыл сайын жеті мың әскери қызметшіні қамтитын «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады.

Бұл шаралар халықтың әлеуметтік тұрақтылығын сақтау, бизнесті қолдау және экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыруға бағытталған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар