Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Болашақ бүгіннен басталады

Болашақ бүгіннен басталады
ашық дереккөз
Болашақ бүгіннен басталады
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Елу жылда – ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасын жоспарлау, саналы ата-ана мен әке болу мәселелері» тақырыбында студенттерге оқыту семинары өтті. Жиынға құқық қорғау қызметкерлері мен психолог, әлеуметтік мамандар келді. Өз кезегінде қонақтар білім беру саласында жастардың бос уақытын тиімді өткізу, бала құқықтары жайында кеңінен ақпарат беріп, заң талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар басқосуда әр азаматтың Отан алдындағы жауапкершілік жайы сөз болып, патриоттық сезімді оятудың алғашқы баспалдағы отбасыдан бастау алу қажеттігі айтылды. Салауатты өмір салтын ұстану қағидасы да ескерілді. Өйткені бүгінгі жас – ертеңгі ата-ана. Өмірге дені сау бала әкелу үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сол себепті жастар қазірден бастап алкогольді сусындар мен шылым шегу адам денсаулығына зиян тигізумен қатар, оның ұрпағына кері әсері бар екенін де ұғыну керек. Аталған іс-шараның маңыздылығы өте зор. Қоғамда ажырасу дерегі күннен-күнге өсіп жатқан тұста әр үйде өсіп келе жатқан ұл-қызға алдағы жауапкершілік жайында үнемі айтып отыру артық етпейді. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар